Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/bolashak-bestamak-bb.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

17.02.2025 жыл Бестамақ "Болашақ "балалар бақшасының ата-аналармен консультациялық пункт жоспарына сай ересек,ортаңғы топ ата-аналарымен және балалармен бірге "Сиқырлы ойындар" іс-шарасы өткізілді. Ата-аналар балаларымен бірге "Көңілді шарлар", "Түтікше", "Қоңырау мен үшбұрыш", "Биле,биле", әуенді-ырғақты жаттығулар жасап, ойындар ойнады. Іс-шараны балабақша музыка жетекшісі Наурзалиева А.А.өткізді.


Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ моторикасын дамыту үшін сөйлеуді, ойлауды, зейінді, көру және қозғалысты есте сақтауды, үйлестіруді дамыту үшін Марблс тастарымен жұмыс істеуді ұсынамыз.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда қоршаған ортаға ерекше жаңа талаптар қояды.

Педагогтер әр жас кезеңінің ерекшеліктеріне сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерін барынша іске асыруды қамтамасыз ету, ойлау, сөйлеу, сөйлеу қабілетін дамытуға ықпал ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру, қарым-қатынас, қиялын дамыту, есте сақтау және балалар шығармашылығы үшін мазмұнды, өзгермелі, қолжетімді ортаны құруға назар аударуы қажет.

Бес жасқа дейін баланың негізгі психикалық үдерістерінің барлығы: зейіні, қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, елестетуі – еріксіз түрде болатыны дәлелденген. Бұл дегеніміз балалар бұны өз бетімен басқара алмайды, бір нәрсеге зейінін жинақтай алмайды немесе әдейі есте сақтай алмайды, тек назарын аударған нәрсеге назар аударады дегенді білдіреді. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуының тиімді құралына айналатын және сонымен бірге олардың назарын аударатын дәстүрлі емес құралдарды іздеу қажеттілігі туындайды.

Қазіргі уақытта мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуына арналған дидактикалық құрал көп. Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балалардың даму жүйесінде сөйлеуді, ойлауды, зейінді, көру және қимыл-қозғалысты, есте сақтауды, үйлестіруді дамытудағы қарқынды әрекеті ретінде олардың ұсақ моторикасын дамыту маңызды орын алады.

Ұсақ моториканы дамытудың негізгі тәсілдеріне саусақ гимнастикасы, баумен ойнау, мозаикамен ойындар, тағу мен шешу ойын тапсырмалары, ұсақ және үлкен сусыма материалдармен ойындар жатады.

М.В. Романовтың зерттеулерінің нәтижелеріне сүйене отырып, біз мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ моторикасын дамытудың ең ерекше және әдеттен тыс әдістерін таңдауға назар аудардық. Бұндай құрал ретінде Марблс тастарын таңдадық.

Марблс тастары дегеніміз не?

Марблс– жалпақ, дөңгелек, сопақ немесе басқа пішінде де болатын жылтыр шыны шарлар

Атауы ағылшын тіліндегі «marbls» сөзінен шыққан.

Марблс балшықтан, ағаштан, пластиктен немесе көбіне шыныдан жасалуы мүмкін. Олардың реңктері мен түстері әртүрлі болады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың Марблс тастарына деген қызығушылығы олардың сыртқы тартымдылығымен ғана емес, сонымен қатар М.В. Осоринаның зерттеулері көрсеткендей, балалардың ерекше «қазынаға» құштарлығымен түсіндіріледі. Бұл қазынаға кез келген даладан немесе шкафтан тапқан және жақын адамы сыйға тартқан ұсақ заттар жатады.

Дәл осындай заттарға балалардың терең ішкі қызығушылығы, сондай-ақ бала қолының ұсақ моторикасын дамытудағы Марблс тастарының кең мүмкіндіктері оларды балабақшаның педагогикалық тәжірибесіне енгізуге негіз болды.

Марблс тастарын пайдалану мыналарға ықпал етеді.

➢Баланың ойлау, зейін, есте сақтау, шығармашылық қиялын дамыту;

➢Саусақ пен қол қозғалысын үйлестіруді, жазықтықта бағдарлауды дамыту;

➢Сөздік қорын байыту, фонематикалық бейнелеуді қалыптастыру; ➢Түстерді есте сақтау.

Марблс тастарымен жұмыс істеуді бастау үшін әртүрлі түстегі, пішіндегі, текстурадағы тастар жинау керек. Бұл мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойындар мен жаттығулардың көп түрін әзірлеуге және қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, «Сипаттамасы бойынша табу», «Ұстап көріп тану», «Тақырып бойынша бөлу», «Түсі бойынша бөлу», «Пішіні бойынша бөлу»,

«Өлшемі бойынша бөлу», «Мөлдір – мөлдір емес», «Қара – ашық», «Тегіс – тегіс емес» ойындарын ойнауды ұсынамыз. Бұл ойындар мен жаттығулар балалардың заттардың белгілеріне қарай жіктелуі туралы түсініктерін қалыптастыруға, ұсақ моториканы дамытуға, сөздік қорларын байытуға, сөйлеу тілін дамытуға, дербестікке, алғырлыққа ықпал етеді.

«Марблс» тастарымен ойындар

Марблс тастарымен ойнауға болатын бірнеше ойынға мысал келтірейік.

«Құрастырамыз» ойыны

Нұсқау: тастарды кездейсоқ ретпен орналастырып, артынан әңгіме құрастыру керек. Мысалы, тастар былай жатыр: сары, қызыл, көк, жасыл, қызғылт сары. Әңгіме былай болуы мүмкін: «Сары күн жарқырап тұрды. Қызыл көйлек киген Маша орманға кетті. Сол жерде ол көк өзенді көрді. Ол жасыл қайықпен өзенді жүзіп өтті. Кенеттен қызғылт сары сәбіздің өсіп тұрғанын көреді. Оны жұлып, жуып жеді».

Кіші және ортаңғы топтарда тастардың түсі бойынша заттарды таң- дап, жай сөздерді атауға болады: сары күн, қызыл шар, көк жалау, жасыл жапырақ.

«Бөліп қой» ойыны

Нұсқау: Тастарды белгілі бір ретпен орналастыру керек: өлшемі бойынша кішкентайдан үлкенге дейін немесе керісінше, немесе одан да күр-делі жолдарды жасауды ұсыныңыз: бірдей түсті екі кішкентай тас пен бір үлкен тас салыңыз. Ары қарай бала өзінің «үлгісін» ойлап тауып, қатарды жалғастыруы керек.

«Ойлан тап» ойыны

Нұсқау: геометриялық фигураны нүктелер арқылы табу керек. Мысалы, үш тасты салыңыз, бала бұл үшбұрыш екенін болжауы керек.

«Сандарды орналастыр» ойыны Нұсқау: тастардан сандарды тура және кері ретпен атай отырып, үлгі бойынша орналастырып жасап шығу керек (алдыңғы және кейінгі санды, көрші санды). Сондай-ақ тастардың белгілі бір санын салуды және оны санмен байланыстыруды, реттік және сандық есеп арқылы тастарды санауды, құрастыруды, шартты қоюды және математикалық «мысалдар» мен есептерді шешуді ұсынуға да болады.

«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы

Консультативтік пункт:

«Марблс» тастары мектеп жасына дейінгі балаларды

жан-жақты дамыту құралдары.

Педагог-психолог: Н.М.Шамшина

Қаңтар, 2025жыл


Атауы Жүктеу
1 Балабақшаға бейімделу
2 Күн тәртібі - бала денсаулығының негізі
3 Консультациялық пункт Үй жағдайында балаларды дамытушы ойындар Балдырған тобы

Атауы Жүктеу
1 Ұлттық ойындар
2 Асық терапиясы



Тақырыбы: «Не? Қайда? Қашан?»

Мақсаттары: а) Ата - аналардың ой - өрісін, дүниетанымын дамыту

Көрнекілігі: Ойын үстелі, сұрақтар, суреттер, қара жәшік, зырылдауық

Ойын барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер қонақтар! «Не? Қайда? Қашан?» атты танымдық ойынға келіп отырсыздар. 

ІІ. Ойын ережесімен таныстыру.

Құрметті білімпаздар алдарыңызда ойын үстелі. Үстелдің ортасында зырылдауық тұр және тапсырмалары бар конверттер жатыр. Біздің тапсырмалар әртүрлі, танымдық және шығармашылық. Сіздер кезекпен зырылдауықты айналдырасыздар, ол қандай конвертке көрсетеді, сол конвертті біз ашамыз және сіз үшін сұрақ оқимыз. Әр сұрақты ойлануға бір минут беріледі. Сондай - ақ, 2 сұрақ блиц секторы бар. Блиц - секторда сіздер ойланбастан 5 сұраққа тез жауап берулеріңіз керек. Егер тапсырманың жауабы толық болмаса есепке алынбайды. Нақты, толық жауаптар ғана есепке алынады Әрбір дұрыс жауап үшін смайлик түріндегі балды білгірлер командасы немесе балалар командасы алады. Ойын ережелері барлығына түсінікті ме? Ендеше біз " Не? Қайда? Қашан?» ойынын бастайық.

ІІІ. Ойын барысы.

1-сұрақ 

Сайыскерлерге қарсы «Балапан» тобының тәрбиеленушілері ойнайды.

- Төле би бабамыз қай құсты киелі құс деп санаған?

Жауабы: Төле би бабамыз қарлығашты қасиетті құс санап, көшпеген.

2-сұрақ 

- Мен бірде балабақшадан келе жатсам, көрші атайдың жапырақты көміп жатқанын көрдім, Қалай ойлайсыз, оның қандай пайдасы бар?

Жауабы: Шіріндісі көп топырақ құнарлы болады. Келесі жылы мұндай топырақта өсімдік жақсы өседі. Күзде аданың түскен жапырақты жинап жерге көміп шірітетіні осыған байланысты.

«Қара жәшік» секторы

Бұнда тұрған зат туралы сипаттап айтады, ал сіздер сол сипаттама бойынша табу керексіздер. Дөңгелек заттарға жатады, дегенмен көлемі әртүрлі, бірнеше түсі де бар, емдік дәрі ретінде де, адам организмін ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады. (алма)

3-сұрақ.

- Балабақшада жүргізілетін шынықтыру түрлерін білесіздер ме? Көп ауырмау үшін ағзаны қалай шынықтыру қажет?

Жауап: йодты - тұзды жолдармен жүру, тамақты йодты - тұзды сумен шаю, ыстық құммен жүру, жаттығулар, мұрынға оксолин майын жағу, нүктелі массаж.

4-сұрақ. Құрметті ата - аналар сіздің балаңызбен балабақшада педагогтар мен мамандар айналысатынын білесіздер. Және олармен жан - жақты даму үшін түрлі сабақтар өткізеді. Назар аударыңыз сұрақ: Балабақшадағы балалармен өткізілетін іс - әрекеттерді атаңыз.

Жауап: сөйлеуді дамыту, математика, қазақ тілі, жапсыру, мүсіндеу, сурет салу, дене шынықтыру, қоршаған ортамен таныстыру, көркем әдебиет, музыка, құрастыру.

Блиц - сұрақ:

1.Балаңыздың келіп жүрген балабақшасы қалай аталады?
2. Балабақшада барлығы неше топ бар?
3. Балаңыздың тәрбиешілерінің аты - жөнін атаңыздар.
4.Балабақшада бала білімі қалай бағаланады?
5. Балаларыңыз келіп жүрген топтың аты.

5-сұрақ. Ата - аналар бір сәт балаларыңыздың орнында боласыздар. Баланың ой - қиялы өте ұшқыр келеді. Сондықтан олар бұндай тапсырмалардан қиналмай өтеді. Сіздерге тапсырма: «Ертегі құрастыру» ( жүргізуші ата - аналарға бірнеше атрибут береді де, ертегіні бастап береді, ата - аналар ертегіні өз ойынан жалғастыру керек.

6-сұрақ.

Жылына 4 рет киінетін не? (жер)

7-сұрақ. Шоколад 150 теңге тұрады. 1 шоколад және жарты шоколад жеу үшін неше теңге қажет? ( 300)

«Қара жәшік» секторы

Бұнда тұрған зат туралы сипаттап айтады, ал сіздер сол сипаттама бойынша табу керексіздер. Жуан - жіңішке, үлкен - кішкентай болады, жол салады, артынан ертіп жүретін көмекшісі бар, барлығына жарамды(ине - жіп)

Қорытынды шығаратын кез де жетті. Жауап беруші топпен сұрақ қоюшы топтарға алғыс білдіріп, қол соғып қоялық. Құрметті ойыншылар сіздерге бүгінгі ойында ең қиын болған сұрақ қандай ? Атап берсеңіздер.


«Көңілді боялар» Дәстүрден тыс сурет салу әдісі 

Міндеті: Сурет салудың дәстүрлі және дәстүрден тыс әдіс - тәсілдері арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын ояту, балалардың бойында шығармашылық ізденіске деген құштарлықты арттыру, өзіндік іс - әрекет жобасын құрауға мүмкіндік жасау. Оқу іс - әрекеті кезіндегі тәртіп ережелері мен ұжымдық бірлестікке тәрбиелеу.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Көктемде неше ай бар?
Мамыр айында қандай мерекелерді тойлаймыз?
Жарайсыңдар, біз қазір Ұлы Жеңістің мерей тойын тойлағалы жатырмыз. Осыған орай біз әжемізді құттықтауға ауылға барамыз.
Ауылға поезбен барамыз. Поезға мінетін билеттерді де сендерге алып қойдым. Поезд келіп барлығы жолға шығады.
Тәрбиеші: Жол ұзақ.
Әжеміздің үйіне де жақындап қалдық.
(әженің үйіне келеді)
Тәрбиеші: Әжеміздің үйі неге сонша түссіз болып кеткен, үйдің іші кемпірқосақтың жеті түсімен көмкеріліп тұратын.
Қылқалам: Сәлеметсіңдерме, балалар. Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.
Тәрбиеші: мұнда неге бәрі көңілсіз?
Қылқалам: бұрын әжеміз бәрін өзі бояй беретін, ал қазір ол шаршады, мені пайдаланатын ешкім болмай жүр.
Тәрбиеші: Сен Қылқалам мұңамайма, біздің балалар саған және әжеме көмектеседі. Солай ма балалар, көмектесеміз бе?
Балалар: Ия.
Қылқалам і: Сендер сурет сала аласыңдарма?
Тәрбиеші: Отан туралы тақпақ білесіздер ме?
(Балалар тақпақтарын айтады)
Тәрбиеші: Ал, енді әжеміз келгенше барлығын бірігіп бояйық.
Қылқалам: Мен сондай қуаныштымын.
- Қазір жылдың қай мезгілі ?
- Көктем мезгілі
- Көк түсті боямен бармақты бастыру арқылы жаңбырдың суретін салайық.
- Көктемнің бейнесінің суретін салайық .Көктеп тұрған талдың бейнесін салайық.
Жасыл, қызыл түстерге мақталы таяқшаны батырып талдың бүршіктерін салайық .
- Балалар дөңгелек қорапшалар арқылы гүлдердің суретін салайық. 
- Сары түсті боямен алақанымызбен күннің суретін салайық.
Әже келеді: Ой, қандай ғажайып, менің үйім сондай әдемі болып кеткен. Сендерге көп рахмет балалар.
Қылқалам: Әже бізде Жеңіс күнін тойлауға бәрі дайын.
Тәрбиеші: Балалар, енді біз балабақшамызға қайтайық. (әжемен қоштасып, поезға мінеді)
Тәрбиеші:-Біз қайда бардық?
- Әженің үйінде немен айналыстық?
- Немен сурет салдық?
- Күнді неге салдыңдар?
- Күніміз әрқашан ашық болсын деп.
- гүлді неге салдыңдар?
- әрқашан гүлдей жайнап жүрейік деп.
Бұл суретті кімге сыйлаймыз?
- келген қонақтарға.


Атауы Жүктеу
1 Сенсорика әлеміне саяхат.ШамшинаН.М
2 Консультациялық пункт Наурзалиева А.А.
3 Консультациялық пункт Солнышко тобы

16.04.2024г.В Бестамакском детском саду”Болашақ”, в группе "Солнышко" провели консультационный пунк с родителями на тему "Пришла весна"
Задачи: познакомить с нетрадиционным методом рисованиия пластилинография. 
Воспитатель: Исупова Л. Л.

"Асық" ойындары
 
19.02.2024 жыл
"Болашақ" Бестамақ балалар бақшасының ересек "Жұлдыз-ай" тобында балабақша жоспары бойынша "Асық" ойындары атты консультативтік пункт өтті. 
Ата-аналар балармен бірге асық ойындарын түрлі бағытта көрсете білді. "Сыңарын тап", "Асықтың суретін сал", "Асықтын астында не жасырылды?", "Ханталапай" асық ойындарын ата-аналар ойнатты. 
Тәрбиешілер: Бурханова Р.Х, Сатаева А.Д


 


 "Үй жағдайында балаларды дамытушы ойындар"

"Болашақ"Бестамақ балалар бақшасында консультациялық пункт жоспары бойынша "Үй жағдайында балаларды дамытушы ойындар" тақырыбында ата-аналарға кеңес беріліп, ойындар көрсетілді.
Педагог-психолог: Н.М.Шамшина


Хабарландыру - ақпарат.

 

Отбасында тәрбиеленетін балаларға, ата-анасына (заңды өкілдерінің) және балалары үшін «Болашақ» Бестамақ б/б МКҚК Консультациялық пункт жұмыс жасайды.

Бізде барлық мәселелер бойынша ата-аналардың педагогикалық білім беру мен тәрбиенің мектепке бармаған балаларға көмек ұйымдастырылады және консультация беріледі

3 жастан 5 жасқа дейін балабақшаға бармайтын балалардың ата-аналары үшін "Болашақ" Бестамақ балалар бақшасында балаларыңызға Консультациялық пункт ашық. Отбасымен және әлеуметтік, медициналық және басқа да ұйымдар арасында болатын Консультациялық пункт және мамандар "рөлін байланыстырушы буын", олар өз кезегінде, отбасына және қолдауға көмектесуге дайын.

Қызметтің мақсаты: мектепке дейінгі ұйымға бармайтын сәби жастағы және мектепалды жастағы тәрбиелеп отырған отбасыларына атаулы педагогтік көмек көрсету .

Міндеттері:

- Жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеумен қамтамасыз ету;

- тәрбиелік әлеуетін байыту;

- балалардың дамуында ауытқу барын дер кезінде анықтау;

- дамытушы жүзеге асыру балалармен жұмыс.

 

Консультациялық пункттың мамандары қалай көмектеседі?

- ата-аналарға және балаларға мектепке дайындалуға және бейімделуге көмек көрсету,

- баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сауатты бағалап, дамыту нормаларына көмектеседі,

- жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға көмектеседі,

- балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мәселелері бойынша кеңеседі және басқа да көптеген мәселелер,

- сұрақтарына жауап береді, дабыл және күмәнді сейілтеді,

- бекіп қалуға көмектеседі немесе, керісінше, түзету, өзінің тәрбиелік ықпал ету,

- балаларды әлеуметтендіру, өйткені негізгі артықшылығы-мектепке дейінгі ұйымның мүмкіндігі болып табылады баланың құрбыларымен араласуына көмек көрсету .

- балалардың дамуындағы ықтимал бұзушылықтардың алдын алу әдістерімен танысады. Біріншікезекте, артта қалғанын мектептің қарсаңынд аалдын ала атап өтуге болады.

 

Бізге келіңіздер! Сізге көмектесуге қуаныштымыз!

Консультациялық пункт тегін жұмыс істейді

 

Консультацияға мына телефон бойынша: 8(71337) 3-52-81 жазылуға болады.

Қызмет тегін көрсетіледі.

Ата-аналар бірінші жүгінгеннен немесе кездесуге келісіп нақты мектепке дейінгі ұйымның қызметкерінен

консультациялық кеңесті ала алады.

 

1.Уразалина Гульнара Басаровна, әдіскер, педагогикалық білімі жоғары, педагог-модератор. Балаларды әр түрлі істеріне тәрбиелеп үйретеді, ата-аналарды баланың даму саласындағы проблеманы шешуге көмектеседі.

2. Шамшина Нургуль Мусаевна, психолог, педагогикалық білімі жоғары, педагог-модератор. Мектепке дейінгі балаларды балабақшадағы қоршаған ортаға бейімделуін үйретеді, балабақшадағы ықтимал проблемаларды жолдарын, ата-анасына баланың заңдылықтарын түсіндіреді.

3.Наурзалиева Айгуль Алихановна, музыкалық жетекші, педагогикалық білімі жоғары, педагог-зерттеуші Мектепке бармаған балаларды арнайы музыкалық қабілеттерін, табиғи психомоторлық қабілетін дамытуға көмектеседі.

4.Аширова Ляззат Молдагалиевна, медбике, арнайы орта білімді. Баланың ата-анасына әртүрлі ауруларының профилактикасы жөнінде ұсынымдар береді, ол үшін дұрыс тамақтануды, күн режимін құрауды жасауға көмектеседі, ата-анасының шыңдалатын рәсімін жүргізуге үйретеді.

5.Топ тәрбиешілері дәстүрлі емес бейнелеу техникамен таныстырады, шығармашылық қиялын дамытуға, ұйымның принциптеріне, табиғи мүмкіндіктерін, СӨС, баланың өзара ic-қимыл процесінің қабілеттерін дамытуға көмектеседі.

Атауы Жүктеу
1 Консультациялық пункт Балабақшаға саяхат
2 Конституциялық пункт тамыз айы медик
3 Балабақшаға бейімделу. конс.пункт
4 Консультациялық жұмыс 2023
5 Бұйрық консульт пункт
6 Консультативті пункт Қуыршақ
7 Консультациялық пункт желтоқсан айы
8 Консультациялық пункт Бурханова