Қауіпсіздік ұйымдастырылған іс-әрекеті
Тақырыбы: "Жедел қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон номерлері"
Міндеті: Балаларды жедел қызметтердің байланыс орталықтарының телефон номерлерін есте сақтауды " 101,102,103" қажет кезде дұрыс қолдануды үйрету.Өрт сөндірушілер,полиция қызметкерлері,медициналық қызметкер мамандықтарын ажыратып,рөлдік ойындарды сомдау дағдыларын қалыптастыру.
Өткізген: "Балдырған" ересек тобының тәрбиешісі: Косанова Г.С.
27.11.2025ж - Қауіпсіздік ұйымдастырған іс әрекеті.
Тақырыбы: "Үйдің мекен - жайын, ата - аналардың номерлерін жатқа білеміз"
Міндеті: Балаларға үй мекенжайы мен ата - анасының телефон номерлерін білудің мыңыздылығын түсіндіру. Балаларды үй мекенжайы мен ата - анасының телефон номерлерін есте сақтауға және дұрыс айтуға үйрету. Ойындар мен практикалық жаттығулар арқылы балалардың білімдерін бекіту.
Тәрбиеші: Р.Х.Бурханова
2025 жылғы 5 қараша күні балабақшада жоспарлы эвакуация оқу-жаттығуы сәтті өткізілді. Іс-шараның мақсаты – балалар мен қызметкерлерді төтенше жағдай кезінде қауіпсіз әрі жылдам әрекет етуге үйрету болды.
Жаттығу барысы:
- Дабыл белгісі берілгеннен кейін барлық топтар тәрбиешілердің жетекшілігімен белгіленген эвакуация жолымен сыртқа шықты
- Балалар қауіпсіз жиналу орнына жеткізіліп, толық саны тексерілді
- Қызметкерлер эвакуация жоспарына сәйкес әрекет етті
- Жаттығу сабырлы, ұйымдасқан түрде өтті
Нәтиже:
Эвакуация оқу-жаттығуы барысында балалар мен қызметкерлер қауіпсіздік ережелерін дұрыс орындап, белгіленген уақыт ішінде ғимараттан толық эвакуацияланды.
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Бала қауіпсіздігі әдістеме нұсқаулық | |
| 2 | Жоспар бала қауіпсіздігі |
Алаяқтардан сақтанайық.
Интернет пайдаланушысын алдау арқылы оңай жолмен ақшалы болудың ең көп таралған орны барлығының пайдалануындағы Instagram, Telegram, WhatsApp, әлеуметтік желілері және басқа да жарнама сервистері болып отыр.
Интернет алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шаралары: жеке мәліметтеріңізді, банк карталарының сандарын, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламау, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар, хабарламалар арқылы алдын-ала төлем жүргізбеу, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмау, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпау, таныс емес нөмірден келген кез келген сілтеме бойынша өтпеу, тек ресми дереккөздеріне сену.
Осы талаптарды сақтау арқылы әр адам алаяқтардан өзін қорғай алады.
Жоспарлы жұмыстар
Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында қызмет балабақшада өрт крандарын жоспарлы тексеру және өрт жеңдерін қайта орау жүргізілді.Кез келген объектінің өрт қауіпсіздігі жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі – өрт жеңдерін (шлангтарды) уақтылы тексеру және сынау. Өрт жеңдерін сынау олардың беріктігін тексеруге және құрылғыларды одан әрі пайдалануға рұқсат етілетінін анықтауға мүмкіндік береді. Өртті сөндірудің тиімділігі мен тиімділігі көбінесе жеңдердің техникалық жағдайына байланысты, сондықтан балабақшадағы барлық өрт крандары мен жеңдер жылына екі рет тексеріледі. Жеңдерді (шлангтарды) жыртылудан және жарылудан сақтау үшін оларды мезгіл-мезгіл орау жүргізіледі. Домалау процесі орауды, жууды, кептіруді, тұтастығын тексеруді (ол бұзылған жағдайда вулканизация жүргізіледі), Жаңа домалаққа 90 градус бұрышпен орауды (алдыңғыға қатысты) қамтиды.