26.02.2026ж. Бракераждық комиссияның кезекті тексеруі өтті
Бүгін балабақшамызда бракераждық комиссия тарапынан азық-түлік өнімдерінің сақталу жағдайына жоспарлы тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында қойма мен ас блогындағы азық-түліктің санитарлық талаптарға сай сақталуы, температуралық режимнің сақталуы, жарамдылық мерзімдері және құжаттарының болуы қаралды.
Нәтижесінде өнімдердің талапқа сай сақталып отырғаны, тауарлық көршілестік қағидаларының орындалатыны анықталды. Мерзімі өткен немесе сапасы күмәнді өнімдер тіркелген жоқ.
Балаларымыздың қауіпсіз әрі сапалы тамақтануы – біздің басты назарымызда!
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Ауыз су режимінің орындалуы | |
| 2 | Тәуліктік сынамалардың болуын тексеру |
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | 10 дневное меню 2024 | |
| 2 | 20 дневное меню 2025 | |
| 3 | Акт қаңтар | |
| 4 | Бұйрық бракераж комиссиясы | |
| 5 | Жоспар 2025 - 2026 | |
| 6 | Қаңтар айы | |
| 7 | Хаттама №3 |
Күнделікті біздің "Болашақ" балабақшасында ас мәзіріне сәйкес балаларға арналған тағамдар санитарлық талаптарды сақтай отырып дайындалады. Тағам дайындау барысында азық - түліктің сапасы, сақтау мерзімі және технологиялық карталарға сәйкестігі қатаң бақыланады.
Аспазшылар тағамдарды белгіленген уақытында әзірлеп, балаларға жылы әрі құнарлы түрде ұсынады. Асханадағы тазалық пен қауіпсіздік талаптары толық сақталған.
Балалардың дұрыс әрі сапалы тамақтануы - біздің басты міндетіміз
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | қазан анықтама | |
| 2 | акт | |
| 3 | қараша | |
| 4 | Хаттама 1 | |
| 5 | хаттама 2 |
Бестамақ "Болашақ" балалар бақшасындағы балалардың тамақтану процесі барысындағы тағамдар дайындалуының апталық көрінісі. Балалардың тамақтануын дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты - ас блогына және тағамды дайындау мен сақтау процесіне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтау. Барлық талаптар сақталады, тағамдардың құнарлылығы есептеледі, тамақтанудың сапасына, тағамдардың түрлі болуы мен дәруменделуіне, тамақ өнімдерін салу, аспаздық өңдеу, тағамның дайындығы, тағамның дәмдік қасиеттеріне, азық-түліктің дұрыс сақталуын және азық-түлікті өткізу мерзімдерінің сақталуын бақылауды балабақшаның медицина қызметкері жүзеге асырады. Дайын тағам медицина қызметкері сынаманы алғаннан кейін және «Дайын тағамдарды бағалау нәтижелерінің журналына» тиісті жазба жасалғаннан кейін ғана беріледі. Тамақтануды ұйымдастыру үнемі әкімшіліктің бақылауында болады.
Бестамақ "Болашақ" балалар бақшасындағы балалардың тамақтануын ұйымдастыру барысындағы тағамдар дайындалуының бір күндік көрінісі. Балалардың тамақтануын дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты - ас блогына және тағамды дайындау мен сақтау процесіне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтау.
Барлық талаптар сақталады, тағамдардың құнарлылығы есептеледі, тамақтанудың сапасына, тағамдардың түрлі болуы мен дәруменделуіне, тамақ өнімдерін салу, аспаздық өңдеу, тағамның дайындығы, тағамның дәмдік қасиеттеріне, азық-түліктің дұрыс сақталуын және азық-түлікті өткізу мерзімдерінің сақталуын бақылауды балабақшаның медицина қызметкері жүзеге асырады.
Дайын тағам медицина қызметкері сынаманы алғаннан кейін және «Дайын тағамдарды бағалау нәтижелерінің журналына» тиісті жазба жасалғаннан кейін ғана беріледі. Тамақтануды ұйымдастыру үнемі әкімшіліктің бақылауында болады.
Дұрыс тамақтану – мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулығы мен дамуының басты негізі. Бұл кезеңде бала ағзасының қарқынды дамуы байқалады, сондықтан олардың рационы теңгерімді және тағамдық құндылықтарға бай болуы өте маңызды. Балабақшадағы дұрыс ұйымдастырылған тамақтану балалардың физикалық және интеллектуалдық дамуына оң әсер етеді.
Балабақшадағы дұрыс тамақтанудың пайдасы:
- Баланың физикалық дамуы жақсарады, ауруларға төзімділігі артады.
- Интеллектуалдық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді.
- Тамақтану мәдениеті мен әдеттерін қалыптастырады.
Балабақшада балалардың тамақтану сапасы үнемі медбике тарапынан және бракеражды комиссия тарапынан бақылануда. Әрбір астың құнарлылығы мен мөлшері ас мәзіріне сай сақталып жасалады.
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Акт №1 | |
| 2 | Акт №2 | |
| 3 | Хаттама №1 2024 - 2025 оқу жылы | |
| 4 | Хаттама №2 2024 - 2025 оқу жылы |
Балабақшада 2024 - 2025 оқу жылының бракераж комиссиясының жұмыс жоспарына сай кезекті бақылау жүргізілді. Бақылау барысында:
1.2024 - 2025 оқу жылында бақылау кезінде жоспардың жүзеге асырылуы туралы
2.Дайын тамақты бракераждау (Сынаманы алу), тағамдарды дайындауда техникалық нормаларды орындау қаралды.
Бақылау нәтижесінде акт құрылып, хаттама жазылды. Қаралған мәселелер бойынша ешқандай бұзушылықтар анықталмады.
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Бақылау актісі №1 | |
| 2 | Бақылау актісі №2 | |
| 3 | Бақылау актісі №3 | |
| 4 | Хаттама 1 | |
| 5 | Хаттама 2 | |
| 6 | Хаттама 3 |
2024 жылдың 29 сәуір күні Бракеражды комиссиясының жоспары бойынша бракераж комиссиясының төрайымы Р.М.Дүйсенбаева тамақтануға жалпы бақылау жүргізді. Бақылау барысында түскі астың әзірленуі, ас әзірлеу барысында нормалардың сақталуы, азық - түліктің сақталуы, құжаттардың жүргізілуі, құнарлылығы, ас ішетін ыдыстардың жай - күйі тексерілді. Комиссия қорытындысы бойынша тағамдар ас мәзіріне сай дайындалып жатқандығы, құжаттардың барлығы дұрыс жүргізілген, тағамдардың декларациясы түгел және тағамның құнарлылығы сақталғанын анықтады.
Балабақшада күн сайын балабақша медбикесі балалардың тамақтануын, ас мәзірін бақылап тұрады. Ас мәзірі 10 күндік жоспарға сай беріліп тұрады. Ата-аналардың назарына ас мәзірі топта ілулі тұрады.
Балабақшада тамақтанудың, бала денсаулығы үшін маңызы зор. Бала денсаулығына: пайдалы астың рөлі бірінші ретте. Баланың өсіп-жетілуіне қажетті дәрумендер мен минроэлементтер пайдалы астың құрамынан табылады.Балабақшадағы балалардың тамақтану мөлшері, арнайы балалар үшін белгіленген. Бүлдіршін үшін қажетті микроэлементтер мен пайдалы заттардың көлемі өлшеніп, ас мәзірі апта бұрын құрылады. Балалар тағамы аса мұқияттылықпен ойластырылып, тамақ пісіру барысы мен дәмінің сипаттамасы үнемі медициналық қызметкерлердің бақылауында болады. Әрбір балабақшада: тамақтың сапасын күнделікті қадағалап отыратын, медбикелер жұмыс істейді. Балалардың күнделікті ас үлесінде бірдей азықтар қайталанбайды,ал балық балаларға аптасына бір рет беріледі. Балабақшаның ас мәзірі: қышқыл сүт өнімдерінен, жұмыртқа, ет, дәнді-дақылдар, көкеністер, макарон өнімдері сияқты міндетті азық-түліктерден құралады.
|
№ |
Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Азық түлік берушінің есебі | |
| 2 | Бракераж комиссиясының анықтамасы | |
| 3 | бракераж комиссиясының жоспары | |
| 4 | Бракеражды комиссияның аналитикалық анықтамасы | |
| 5 | Бракераж комиссиясының қорытындысы |
Бракераж комиссиясының отырысы.
12.09.2023 ж. Бестамақ "Болашақ" балалар бақшасының бракераж комиссиясы ас мәзіріне бақылау жүргізді. Оқу жылының басында бракераж комиссиясының құрамын бекіту туралы бұйрық шығарылды.
Комиссияның міндеттері:
1. Жекелеген санаттары бойынша балалардың тамақтануына бөлінген қаражатты тиімді қолданылуын бақылау;
2. Асханаға әкелетін азық-түліктің мерзімін және дайын тағамдардың сапасын қадағалау;
3. Мәзірдің бекітілген рационға сәйкестігін бақылау;
4. Ас блогының санитарлық талаптарға сай, таза болуын қадағалау;
5. Балалардың тамақтану уақытын ұйымдастырылуын бақылау.
Нәтижесінде ас мәзірінің талапқа сай екенін , құнарлылық сақталатынын, т.с.с. анықтап мәлімдеді.
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Постановление область |