17.09.2024ж. Бестамақ "Болашақ" балалар бақшасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша, ата-аналарға жадынамалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке, әрбір отбасының әл-ауқатына, балаларымыздың жарқын болашағына және тұтастай алғанда елдің дамуына қауіп төндіреді.
Заң бойынша кез-келген адам осы жамандыққа қарсы тұруға белсенді қатысуға құқылы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ат салысатын тұлға мемлекеттің қорғауында болады («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 24-бабының 3-тармағы).
Мұндай тұлға туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады.
Егер сіз сыбайлас жемқорлықтың куәгері немесе құрбаны болдым деп ойласаңыз, бұл туралы келесідей хабарлауға болады:
- Мобильді телефоннан немесе стационарлық телефоннан тегін 1424 нөмірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығынақоңырау шалу қажет, ол жерде консультанттар әрі қарай қандай қадамдар жасау керек екенін түсіндіріп береді немесе сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу үшін дереу әрекет етеді.
- 010000, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 37мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) немесе Агенттіктің тұрғылықты (болған) жері бойынша өңірлік департаменттерге жазбаша өтініш жасау қажет.
- kzэлектрондық үкімет порталының онлайн-сервисі арқылы өтініш жіберу (электрондық цифрлық қолтаңба - ЭЦҚ болуы міндетті) қажет.
- «Ашық диалог» сайтында Агенттік төрағасыныңблогына немесе Агенттіктің сайтына жазу қажет.
- Агенттіктің
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына жазу қажет.
Берген ақпаратыңыз үшін сыйақы төленуі мүмкін («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 4-бабының 7-тармағы және 24-бабының 3-тармағы).
Сыйақы мыналар үшін беріледі:
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлама;
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы ақпарат (тізімді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми сайтынан көруге болады);
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін маңызы бар өзге де жәрдем көрсеткені үшін.
19.04.2024 жыл. "Болашақ" Бестамақ балалар бақшасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" іс - шарасының жоспары бойынша "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениеті" тақырыбында семинар өткізілді.
Тәрбиеші: Базаргалиева А.К
Балабақшамызда апта сайын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Адалдық сағаты», «Жемқорлықсыз жол: сенімді жол», «Жемқорлық –қоғам дерті» т.с.с. алаяқтыққа алданбау мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілуде
"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" дебат
21.02.2024 жыл.Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында балабақша педагогтарымен "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" атты дебат өткізілді.
Тәрбиеші : Габдуллина Ж.Е.
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Жемқорлықпен қалай күресеміз | |
2 | Бурханова Р.Х Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ |
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Жемқорлықсыз қоғамға қадам |
Біздің мемлекетімізде жеке меншік пен мемлекеттік меншік тең дәрежеде танылады және заңмен қорғалады. Пайдакүнемдік қылмыстардың бірі ол – “Алаяқтықты” көздейтін қылмыстар. Алаяқтық – бұл нарықтық экономика жағдайында және кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде кең таралған қылмыстың түрі. Алаяқтықтың түрлері мен формалары әр түрлі болуы мүмкін. Ақпараттық технологиялардың дамуымен және оларды қолдану аясының кеңеюімен алаяқтықтың жаңа түрлері, соның ішінде интернет-алаяқтар деп аталатындар тұлғалар пайда болды, олардың саны жыл сайын артып келеді. Интернет-қылмыскерлердің құрбаны болмас үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау керек: -паспорттық және өзге де дербес деректермен бөліспеңіз, банк карталарының нөмірлерін, пин-кодты, сондай-ақ ұялы телефонға келіп түскен SMS парольдерді, тіпті егер Сізге Банк қызметкерлері ретінде таныстырған болса да бермеу қажет. - жарнамадағы ақпаратты, әсіресе жақсы басылған ақпаратты мұқият және толық оқып шығу; - кез келген ұсыныстарға сын көзбен қарау; - тауарды сатып алу (сату) кезінде алдын ала төлеуге келіспеу; - белгісіз адамдарға ақша аудармау; - күмәнді шарттармен мәмілелер жасамау; - банк қосымшалары арқылы шоттағы шығыс лимитін белгілеп, мүмкін болатын транзакциялар мөлшерін шектеу; - өз құжаттарыңызға қол жеткізуді шектеу (жеке куәлік, банк картасы), құжаттардың фотосуреттерін ешкімге жолдамау;
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Педагогикалық кеңес отырысының хаттамасы |
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға аудандық білім бөлімі» ММ-нің «Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу нәтижелері бойынша
аналитикалық анықтама
- 04. 2023 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
Мекен жайы: Алға ауданы, Бестамақ ауылы, Бөкенбай батыр көшесі, 53. Электронды пошта:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: 2023 жылдың І кварталы.
Ақпараттық-талдамалық бөлім
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы кәсіпорынның өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, заңдар, нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.
Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық нормалар анықталған жоқ.
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға аудандық білім бөлімі» ММ-нің «Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК-ны 2023 жылғы 1 наурыздан бастап 10 сәуір аралығындағы кезең бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
- Қызметкерлерді басқару,соның ішінде кадрлардың ауысуы.
Ұйымдастыру басқару қызметіндегі ішкі тәуекелдерге жүргізілген талдау балабақшада персоналды басқару ҚР қолданыстағы заңнамасына: ҚР Еңбек кодексіне, ҚР «Білім туралы Заңына», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» ҚР Заңына, әдеп кодексі және басқа да заңға сай жүргізілетінін көрсетті.
2022 жылға Ақтөбе облысының білім басқармасы, Алға ауданының білім бөлімі» ММ «Бестамақ «Болашақ» балалар бақшасы»» МКҚК штат саны – 38 бірлікті құрайды, 2023 жылдың 10 сәуіріне нақты жұмыс істейтіндер – 36 адам, декретте-2.
- педагог-зерттеуші 3;
-педагог сарапшы 2;
- педагог-модератор 6 педагог;
--біліктілігі екінші деңгейлі 1;
-педагог-2
-санатсыз-2.
Бос орындар www.enbek.kz сайтында көрсетілген.
Ағымдағы жылда тәртіптік теріс-қылық жасағаны үшін, тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер жоқ. Сыбайлас жемқорлық үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар жоқ.
Мекемеде барлық жұмыскерлер қойылатын біліктілік талаптарға сай келеді, арнайы білімдері бар.
Жағымсыз қылықтармен жұмыстан босатылғандар, лауазымы бойынша төмендегендер, алмастырулар болған жоқ.
Кадрлық іс-жүргізу қойылған талаптарға сәйкес келеді және қалыпты деңгейде жүргізіледі.
- Мүдделер қақтығысын реттеу
Балабақша қызметкерлерінің жеке істерін қарау барысында жақын туыстарымен, жұбайларымен, жақындарымен бірге жұмыс істеп, оларға тікелей бағынысты лауазымдарға болған тұлғалар анықталған жоқ.
Мемлекеттік сатып алу:
Кешен қызметіне қажетті тауар, жұмыс пен қызметтерді мемлекеттік сатып алу веб порталы арқылы айқын және ашық электрондық түрде жүргізіледі және жеткізушімен қандайда бір байланысқа түсуге мүмкіндіктің болмауына байланысты, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына жол берілмейді.
Қолданыстағы мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес, жоспарланып отырған және өткізілетін барлық сатып алулар туралы ақпараттар goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб порталында ашық көрсетілген. Аталмыш веб порталда тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулардың түрлері мен бағасы және олардың келісім шарттарының орындалу мерзімі көрсетілген, сонымен қатар тиісті қаржы жылының мемлекеттік сатып алу жоспары жергілікті бюджетті бекіткен уақыттан бастап жарияланады.
Бюджеттік қаражаттарды жұмсау бойынша шешімдерді қабылдаудың және іске асырудың айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысының білім басқармасы, Алға ауданының білім бөлімі» ММ «Бестамақ «Болашақ» балалар бақшасы» МКҚК сайтында http://bolashak-alga.testim.kz/ «Мемлекеттік сатып алу» ақпараттық бөлімі қарастырылған.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерімен белгіленген тәртіпте және нысанда нақтыланып, бекітіледі, өзгерістер есепті кезеңде енгізіледі.
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілерімен шарттар уақытында жасалады. Мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарымен ескерілмеген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу жіберілмейді.
Жүргізілген талдау нәтижесінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында үлестес фактілері, өткізілетін мемлекеттік сатып алуда әлеуетті жеткізушілерде балабақшаның басқарушы құрамындағылардың жақын туыстарының, жұбайларының немесе жақындарының қатысу фактілері анықталмаған.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
- Мемлекеттік қызмет көрсету
Балабақшада Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері үнемі таныстырылып, мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады. 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
- Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Аталған кезең бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
Балабақша көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат стендтерде орналастырылған.
Балабақша әкімшілігінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Талдау жүргізілген кезең бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жоқ.
Жүргізілген ішкі талдау барысында жұмыс тобы ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерлерді анықтаған жоқ.
- Балабақшаның рұқсат беру функциялары жоқ.
- Балабақшаның бақылау функциялары жоқ.
- Сыбайлас жемқорлық тәукелдерін ішкі талдау жүргізуден туындайтын өзге де мәселелер.
Балабақша меңгерушісімен бекітілген жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау кестесін ғимараттың 1 қабатындағы есік алдында орналастырылған.
Қорытынды және ұсыныстар
Жоғарыда айтылғандардың негізінде жұмыс тобы Ақтөбе облысының білім басқармасы, Алға ауданының білім бөлімі» ММ «Бестамақ «Болашақ» балалар бақшасы» МКҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ деген тұжырымға келді.
Басшыға және кадр жұмыстарына шағымдар түскен жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жақсарту бойынша ұсыныстар:
1) құқықтық білімді насихаттау бойынша дәрістерді тұрақты түрде өткізу;
2) қолданыстағы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңнама нормаларын түсіндіре отырып азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.
Балабақша меңгерушісі: Курманова Л.Б.
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Білім беру ұйымдарында заңсыз ақша қаражаттарын жинауға тыйым салу тура №257 бұйрық | |
2 | жемқорлық стандарты | |
3 | Концепция - каз | |
4 | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы |
Ел ішінде қаржылық алаяқтардың қармауына түсіп, барлық жиған-тергенінен айырылып, сан соғып қалып жатқандар көп. Оған дәлел әлеуметтік желілерде алаяқтарға алданған азаматтардың жан-айқайына жиі көзіміз шалынатын болды. Тіпті жақын ағайын-туыстарымыздың, «Мен» деген сауатты азаматтардың да қаскөйлердің қақпанына түсіп қалғанын көзімізбен көріп жүрміз.
2023 жылдың 23 сәуір күні педагог қызметкерлер арасында алаяқтықтан сақтану мақсатында "Қаржылық сауаттылық пен қаржылық қауіпсіздік негіздері" тақырыбында семинар өткізілді.