Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ

«Болашақ» «Бестамақ» балабақшасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны туралы жалпы ақпарат

Біздің «Болашақ» балабақшасының  ғимараты 1974 жылы салынған, 2006 жылы  кұрделі жөндеуден өтіп,  ел Тәуелсіздігінің  15 жылдығы қарсаңында қайта ашылған , жобалау қуаты - 140 орынға есептелген, 2 қабатты типтік  ғимарат.Қазіргі кезеңде балабақшада 6 топ жұмыс жасайды,оның 5-і  қазақ  тобы ,1 орыс тобы. Балабақша өз жұмысын  қазақ және орыс тілінде жүргізеді, балабақшаны ІІ санатты басшы Курманова Лаззат Бауыржановна басқарып келеді.Балабақшаның  өзекті мәселесі: «Мектеп жасына дейінгі балаларды ана тілін сүйетін,өз ұлтының салт-дәстүрін құрметтейтін  адамгершілік қасиеттері қалыптасқан,заман талабына сай тұлға тәрбиелеу». Балабақшада  тәрбиелеу-білім беру қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті стандартына; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мен  әдістемелік нұсқау хатқа  сәйкес жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі ұйым 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз етеді.

Білім беру ұйымының орналасқан жері :Ақтөбе облысы,Алға ауданы, Бестамақ ауылы, Бөкенбай батыр көшесі №53 үй

Балабақшамызда әлеуметтік желілер тұрақты жұмыс жасап, ата-аналарды өткізіліп жатқан шаралардан хабардар болып отырады.

Сайт сілтемесі «http://bolashak-alga.testim.kz/», Инстаграм сілтемесі bolashak_bb,  d.sad_bolashak_kasipodag , facebook «Болашақ»Бестамақ балалар бақшасы және Бестамакский детский сад «Болашақ» YouTube каналы.

Жалпы балабақшада 39 қызметкер жұмыс жасайды, оның ішінде 16 педагог маман.