Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/bolashak-bestamak-bb.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
Атауы Жүктеу
1 Бұйрық аудан
2 Бұйрық балабақша
3 Бұйрық облыс
4 Болашақ Біртұтас тәрбие жоспары 2024 - 2025

Атауы Жүктеу
1 Аудандық сайыс Тіл - Болашағы балабақшада
2 Әке көрген оқ жонар
3 Республика күні сценарий
4 Спорттық сайыс сәуір айы
5 Ынтымақты отбасы

Атауы Жүктеу
1 Балабақшаға саяхат
2 Балалар тіл мерекесі 2023 ж
3 Бәйге ұлттық ойын
4 выставка рисунков День Космонавтики
5 Ер есімі - ел есінде
6 Тақия тастамақ
7 Тіл - әр ұлттың асыл қазынасы ұжым2023
8 Туған жерге саяхат сәуір медбике

Атауы Жүктеу
1 Досова ұлттық ойын
2 Мобильді кітапхана Уразалина Г
3 Тақия тастамақ
4 Туған жерге саяхат сәуір медбике


"Мақал-сөздің азығы, жұмбақ -ойдың қазығы"
 
22.01.2024 ж. Бестамақ "Болашақ" балалар бақшасында "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" жоспары бойынша "Мақал-сөздің азығы, жұмбақ -ойдың қазығы" тақырыбында байқау өткізілді. Байқау 6 кезеңнен тұрып, ата-аналар балалармен мақал-мәтел айтып, жұмбақ шешуден бақ сынасты.


Атауы Жүктеу
1 Жұмбақтар сайысы 

 


"Болашақ" Бестамақ балалар бақшасында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Әке көрген оқ жонар" тақырыбында әкелер мен балалар сайысы өтті. Педагог-психолог: Н.М.Шамшина


Бестамақ «Болашақ» балалар бақшасында жұма сайын тәрбиеленушілермен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында түрлі ұлттық наққыштағы жұмыстары жасалуда.

 


Бестамақ «Болашақ» балалар бақшасы
«Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жоспарына сай
«Ғажайып ойыншықтар әлемінде»
Әдіскер: Г.Уразалина
Еліміздің ертеңгі болашағы – бүгінгі өсіп келе жатқан ұрпақ. Сондықтан ұрпақ тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарау баршамызға жүктелер міндет болмақ.Ұлттық нақыштағы бала тәрбиесіне қолдануға тиімді ойыншықтың бірі – «Жеті ойыншық» жобасы. Бұл ойыншықтарды тәрбие барысында қолдану өте тиімді, әрі бала тәрбиесінде үлкен жетістіктерге жетудің бір жолы. Ел ертеңі бүгіннен басталатынын терең түсінген дана халқымыз ежелден «Бала – өмір жалғасы» деп біліп, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Егеменді еліміздің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасын дамытатын, бүкіл әлемге Қазақстанды паш ететін бүгінгі жас ұрпақ болып табылады. Қазіргі таңда еліміздің білім беру ісінде көптеген өзгерістер болып жатқаны баршаға аян. Ал бүгінгі таңда мектепке дейінгі балабақшаларда тәрбиешінің ең қасиетті міндеті – рухани бай, себебі жан-жақты дамыған, бойында дарынды, ұлттық құндылықтар бар, сақталған жеке тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, сан қилы өмірде аяғынан тік тұрып кететініндей түрткі жасауымыз қажет. Қазақ халқының ағартушысы М.Жұмабаев «…Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген. Біздің балалар бақшасында да «Жеті ойыншық» жобасы аясында жасалған бөлме бар, әр топтың балалары кабинетке келіп, құралдарды өз ойларынша қозғалтып еркін ойнайға мүмкіндік жасалған.Жеті ойыншық» жобасының авторы Болысов Сәкен Қасықбайұлы 1964 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ойшілік ауылында туған. Жоғары оқу орынын Алматы қаласында оқыды. Жастайынан ағаш шебері болып жұмыс жасаған әкесінің жанында жүріп,көп нәрсе үйренген. Сол өнерді жалғастырушы ретінде 1991- 1993 жылдары Алматы қаласындағы « Шертер» атты фирманың қолөнер шеберханасында бас шебер болып
жұмыс істеді. 1993- 1998 жылдары мәдениет министрлігінің арнайы жолдамасымен Қарағанды қаласында өндірістік мекеме ашып, жергілікті жастардан шеберлер дайындауға ат салысты. Жасап шығарған өнімдері көркемдігімен сапасына сай өзінің тиісті бағасын алып, мол сұранысқа ие болды. ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығы бойынша «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта,техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларына» сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мекемелеріндегі ойыншықтардың тақырыптық тізіміне енген көрнекі құрал, әрі ойыншық, әрі конструктор ретінде танымдық негіздегі ерекше, әрі ешқандай қайталанбаған өнімдер өндіреді. «Жеті ойыншық» авторлық жобасында 7 аймақ бар.
1.«Зияткер» — сиқырлы сандар аймағы.
2.«Ұлы дала ұланы» — балалардың күнделікті өмірінде қажетті дағдылар мен
қабілеттерді қалыптастыру аймағы.
3.«Зерделі ұрпақ» — сенсомоторлық аймағы.
4 «Ұлы дала сазы» — шығармашылықты дамыту аймағы.
5.«Ғажайыптар мекені» — жаратылыстану аймағы.
6.«Тіл — қазына» -тіл дамыту аймағы.
7.«Ұлы дала ұлағаты» — туған жер, тарих- этномәдениет аймағы.
 
Бүгін балалар осы аймақтарға саяхат жасады
 
Ойыншық кез келген баланың серігі. Ойыншық арқылы баланың ойлау қабілеті
артады, сол арқылы өмірге бейімделеді. Ойыншық баланың жұбанышы, қуанышы.
Құрастырмалы кубиктер бала сана- сезімінің,миының жетілуіне әсер етеді.
Ойыншық бала үшін ермек қана емес,сонымен қатар ол оның дамуына да тиімді
құрал,қимыл-қозғалысты,сезім ағзаларын,тіл түсінуді жетілдірудің де бастамасы.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеуде
«Жеті ойыншық» жиынтығын пайдалану — балалардың қазақ халқының тарихын
білуге деген қызығушылығын арттырып, мемлекеттік тілді үйренулеріне септігін
тигізеді. Әсіресе мектепке дейінгі жастағы балалардың ұлттық мақтаныш пен
құрмет сезімін дамыту өте маңызды.
Бұл ойыншықтарды бала тәрбиесінде қолдану арқылы балалардың Отанына деген
мақтаныш сезімін дамыта аламыз. Балапандарды толеранттылыққа, достық қарым-
қатынасқа тәрбиелеу үшін де бұл ойыншықтың мәні зор. Құрастыру арқылы
балдырғандар киіз үйдің, домбыраның бөлшектерімен жақын танысып, атауларын
атап, ажырата білуді үйренеді.
Нәтижесінде мектеп жасына дейінгі бала креативтілік-шығармашылыққа деген
қабілеті жоғарылап, сыни ойлау дағдысы дамиды. «Қазақтың ұлттық ойыншықтары
балалардың зеректігін, тез ойлау қабілетін, танымы мен шығармашылық өзіндік
бейінін дамытуға ықпал етеді» — дейді Жолдас Батырхан.
 

Атауы Жүктеу
1 Мақал-мәтелдер сайысы бекенова г
2 Отбасы -сюжетті рөлдік ойын кіші Балдырған тобы
3 Ғажайып киіз үй. Шамшина

«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы

«Әжелер мектебі»
«Асық ойнаған озар»

Өткізгендер:
Ересек «Жұлдыз-ай» тобының тәрбиешілері А.Д.Сатаева, Р.Х.Бурханова
 
«Әжелер мектебінің» мүшесі Жарманова Бағдат
 
Желтоқсан 2023
 
Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу,тәрбиелеу-барлық
кезеңде өзекті.Біздің келешегіміз-жасұрпақ,ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік
тақырыбы. Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді
тәрбиелеу,әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім
алуына жағдай жасау,олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақ
елінің ұлттық саястының басты бағыттарының бірі. «Біртұтас
тәрбиебағдарламасы»- ұлттық, адами құндылықтарға негізделген.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық
құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор,адал,саналы,жасампаз азаматты
тәрбиелеу
Біздің Бестамақ «Болашақ» балалар бақшасында «Біртұтас тәрбие
бағдарламасы»негізінде құрылған «Әжелер мектебі» жұмыс жасауда.
Ересек «Жұлдыз-ай» тобының тәрбиеленушілерімен «Әжелер мектебінің» мүшесі
Болатбек Сулейманның әжесі балалармен «Асық ойнаған озар» қазақтың ұлттық
ойындарын ойнатты.
1.Қазақтың ұлттық ойыны: «Хан талапай» .
Міндеттері:Балалардың тапқырлық,ептілік қабілеттерін дамытуға ықпал ету.Ойын
кезінде жылдамдықтарын жетілдіру,жүйке жүйелерін шыңдау,тілін дамытып,ойда
сақтау қабілеттерін дамыту.
 
 
2.Қазақтың ұлттық ойыны: «Асық ату»
Міндеттері:Асық ойнату арқылы балаларды
дәлдікке,мергендікке,ептілікке,жеңіске деген
құштарлыққа,намысқойлыққа,әділдікке баулу.Балаларды ұлтымыздың
құндылықтарын қастерлеуге баулу.
 
 
3.Қазақтың ұлттық ойыны: «Арқан тарту»
Міндеттері:Балалардың тыныс жолдары кеңеюін,аяққа,білекке,алақанға күш
жиналып,балалардың денесінің қуатын арттыру.Балалардың бойында ұлттық
дәстүрлерді сақтайтын,татулық пен ынтымақтастық қасиетін қастерлейтін,өз
ұлтына деген сүйіспеншілігін жастайынан бойына сіңіріп,оны құрметтеуге
тәрбиелеу.
 
 

`



«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы

 

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы»

Аясында ата-аналармен өткізген

«Ұлттық ойындар»

Өткізгендер:

Ересек «Жұлдыз-ай» тобының тәрбиешілері Р.Х.Бурханова, А.Д.Сатаева

«Солнышко» тобының тәрбиешісі И.Л.Леонидовна

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Ұлттық тәрбие-ел болашағы" тақырыбына бағытталған іс-шара өткізілді. Осы бағдарлама бойынша балалармен күнделікті ойналатын ойындары "Ат жарыс", "Қыз қуу", "Тақия " ойындарын ойнаттық. Мақсаты: ұйымшылдыққа, ұлтжандылыққа, әдептілікке үлкенге құрмет, кішіге ізет қасиеттердің негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған

Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды. Міне, сондықтан Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы білім беру саласына қатысты бірқатар негізгі міндеттерге тоқталған болатын. «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатыр. Жаңа оқу жылынан бастап 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылуда. Бұл құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған. 

 «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» –ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Міндеттері: Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.

Ата-аналар «Ерке сылқым» күй әуенімен топқа кірді.

 

Іс-шара барысында қатысушылар оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда білім беру ұйымдарындағы 2023-2024 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысының беталысын, құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерін, білім алушылардың бойында құндылықтарды пәндік мазмұн, сынып сағаттары мен сыныптан тыс әлеуметтік тәжірибелер арқылы дарытудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп, өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салып, ертеңгі ұрпақты жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға етіп тәрбиелеудің тиімді жолдарын талқылады. 

Айта кетейік, барлық өңірде білім беру ұйымдарының барлық тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, талап сияқты құндылықтар көрініс табуы қажеттілігін атап, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұла бойына шоғырланған жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында қатысушыларға тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тиімділігін арттырудың жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.


«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы»

Аясында ата-аналармен өткізген

«Әжелер галереясы»

 Ересек «Жұлдыз-ай» тобынан 9 ата-ана қатысты

  • Ізберген Айназым әжесімен
  • Болатбек Суйлеман әжесімен
  • Нурушев Азиз әжесімен
  • Қайрошова Көзайым әжесімен
  • Нұрсұлтан Әмина әжесімен
  • Бөлекбай Айжұлдық әжесімен
  • Сержан Жансен әжесімен
  • Қабылова Маххабат әжесімен
  • Елтай Шаһар әжесімен

Тәрбиешілері Р.Х.Бурханова, А.Д.Сатаева


«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту моделінде айқындалған ұлттық құндылықтарды заманауи теориялармен ұштастыру мақсатында Ұлттық бағытта жұмыс жасап жатқан балабақшамыздың "Ұлттық киім" күні бір бағытына айналмақ. Әр аптаның жұма күні Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында түрлі шаралар жүргізілуде.






 


 

Атауы Жүктеу
1 Кешенді жоспар қаз
2 Кешенді жоспар русс
3 Біртұтас тәрбие бағдарламасы
4 Бұйрық облыс