«Мен елімді сүйемін» тақырыбындағы облыстық шығармашылық шеберхананың ІІ отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 9 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес Алға ауданының Бестамақ ауылындағы «Болашақ» балалар бақшасының тәрбиешісі Косанова Гүлмира Сабидуллаевнаның жетекшілігімен облыстық шығармашылық шеберхананың кезекті отырысы Zoom платформасы арқылы қашықтықтан өткізілді.
Отырыс барысында шеберхана тобының мүшелері балабақшада балаларға ұлттық құндылықтарды үйрету, отансүйгіштікке баулу, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүр мен мәдени мұраның маңызын түсіндіру, сондай-ақ ұлттық тәрбиенің балабақша жасындағы балалар үшін маңыздылығын атап өтіп, оны күнделікті оқу-тәрбие үдерісінде тиімді қолдану жолдарын жетілдіруге бағытталған тәжірибелік жұмыстарын ұсынды.
Шеберхана жұмысы жаңа идеялар мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында ұлттық құндылықтарды дамытуға оң ықпал етті.
2025 жылдың 7 қараша күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Алға ауданының Бестамақ ауылындағы «Болашақ» балалар бақшасының тәрбиешісі, педагог-сарапшы Косанова Гүлмира Сабидуллаевнаның жетекшілігімен «Мен елімді сүйемін» тақырыбындағы облыстық шығармашылық шеберханасының І отырысы өтті. Аталған шараға өңіріміздің мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтары қатысты.
Шеберхана отырысының мақсаты – балабақша тәрбиешілерінің кәсіби шеберлігін арттыру, отансүйгіштік тәрбие берудің жаңа әдіс-тәсілдерін насихаттау және педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамыту болды.
Жұмыс барысында балабақша меңгерушісі Курманова Лаззат Бауржанқызы «Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтың маңызы» тақырыбында баяндама жасап, патриоттық сезімді бала бойына сіңірудің тиімді жолдары мен инновациялық тәсілдерін атап өтіп, шеберхананың жұмыс жоспарымен таныстырды.
Балабақша тәрбиешісі Бурханова Райхан Хорматқызы педагогтармен бірге «Бестемше» ұлттық ойынын ойнатып, ойынның маңыздылығы мен ерекшелігін көрсетті.
Шеберхана жетекшісі Гүлмира Сабидуллаевнаның «Қолөнер – халықтың қазынасы» тақырыбындағы шеберлік сабағы барысында ұлттық құндылықтарға негізделген шығармашылық жұмыстар орындалып, шеберхана отырысы теория мен тәжірибе алмасудың шынайы алаңына айналды.
Отырыс соңында кері байланыс ұйымдастырылып, әрбір қатысушы өз әсерлерімен бөлісіп, алған білімдерін педагогикалық тәжірибелерінде белсенді қолданатындықтарын атап өтті. Мұндай шеберханалар мектепке дейінгі ұйым педагогтарының кәсіби дамуына, сондай-ақ жас ұрпақтың елжандылық сезімін қалыптастыруға зор үлес қосатыны сөзсіз.
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | жоспар шығармашылық шеберхана Бестамақ Болашақ б.б. 2025-2026 | ![]() |
| 2 | облыстық шығармашылық шеберхана 1 отырысы | ![]() |
