Мектепке дейінгі ұйымның негізгі міндеттерінің бірі – тәрбиеленушілердің тұлғалық дамуын қамтамасыз ету және олардың өмірлік дағдыларын қалыптастыру. Осыған байланысты балабақшада білім беру процесі құзіреттілік тәсіл негізінде ұйымдастырылып, балалардың танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше назар аударылды. Аудан бойынша анықталған 3 өсу нүктесінің бірі ретінде біздің балабақша құзіреттілік орталығы мәртебесінде мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және озық тәжірибені тарату бағытында жүйелі жұмыс жүргізді. Орталық қызметі құзіреттілік тәсіл негізінде бірнеше бағытты қамтыды. Орталық базасында:аудан педагогтеріне арналған семинар-практикумдар, шеберлік сыныптары өткізілді;ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері көрсетілді; заманауи әдіс-тәсілдерді (ойын технологиясы, зерттеу әдісі, саралап оқыту) енгізу бойынша тәжірибе таратылды;жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсетілді.Балалармен жұмыс барысында:танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік және шығармашылық құзіреттіліктерді дамытуға бағытталған оқу қызметтері ұйымдастырылды;ойын, жобалау және зерттеу технологиялары кеңінен қолданылды;
балалардың жеке ерекшеліктеріне негізделген жұмыс жүргізілді. Құзіреттілік орталығы ретінде жүргізілген жұмыстар нәтижесінде балабақша аудан деңгейінде тәжірибе тарату алаңына айналды. Педагогтердің кәсіби деңгейі көтеріліп, тәрбиеленушілердің негізгі құзіреттіліктері қалыптасты. Орталық жұмысы тиімді әрі нәтижелі деп бағаланады. Құзіреттілік орталығы аудан көлемінде тәжірибе тарату алаңы ретінде қызмет атқарды. Осы бағытта басқа балабақшалармен желілік өзара әрекет ұйымдастырылып, тәжірибе алмасу кездесулері өткізілді. Педагогтер өздерінің үздік тәжірибелерін таныстырып, тиімді әдістер мен тәсілдерді ортаға салды.
Әдістемелік күндер, ашық есік форматындағы іс-шаралар және онлайн платформалар арқылы педагогтер арасында кәсіби байланыс нығайтылды. Сонымен қатар, балабақшада әзірленген әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар мен авторлық жұмыстар аудан педагогтеріне ұсынылды.
2026 жылдың 12 мамырында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Алға ауданы, Бестамақ ауылындағы «Болашақ» балалар бақшасында «Құзыреттілікке жетелейтін әдістер» тақырыбында облыстық коучинг өтті.
Облыстағы құзыреттілік орталықтарының әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған шарада педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру,балалардың қызығушылығын ояту және заманауи тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану мақсаты көзделді.
Коучинг барысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қолданылатын инновациялық технологиялар, ойын арқылы оқыту, бала бойындағы зерттеушілік қабілетті дамыту, сыни ойлау мен коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру бағытындағы тәжірибелер ұсынылды. Қатысушылар түрлі тренингтер мен шеберлік сабақтарына қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
Шара аясында тәрбиешілер балалардың танымдық белсенділігін арттыруға арналған әдістермен таныстырып,шығармашылық жұмыстар, топтық жұмыстар арқылы педагогтер заманауи білім беру үрдісіндегі тиімді тәсілдерді талдап, тәжірибеде қолданудың жолдарын қарастырды.
Коучинг соңында қатысушылар ұйымдастырылған іс-шараның мазмұнды әрі тәжірибелік маңызы жоғары болғанын атап өтіп, кәсіби ортада осындай тәжірибе алмасу алаңдарының маңыздылығына тоқталды
2026 жылдың сәуір айының 21 күні «Болашақ» Бестамақ балалар бақшасының құзіреттілік орталығының жұмыс жоспары бойынша «Жоба технологиясы арқылы балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру: жаңаша тәсілдер» тақырыбында шеберлік сынып өткізілді.
Педагогтарға жоба технологиясын тиімді қолдану,балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың заманауи әдіс - тәсілдерін таныстыру, тәжірибе алмасу мақсатында қалдық материалдарды пайдалану арқылы қатысушылар қолғап театрының кейіпкерлерін жасап, кинусайга техникасы негізінде шығармашылық жұмыстар орындады. Бұл жұмыс түрлері балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырумен қатар, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды. Сонымен қатар қағаз стакан,таяқша,түтікшелерді пайдалану арқылы қызықты ойындар ұйымдастырылып, қатысушылардың белсенділігі мен ынтымақтастығы артты.
Шеберлік сынып соңында тренинг ұйымдастырылып, қатысушылардың кері байланысы арқылы жұмыс қорытындыланды.
2025 жылдың 11 желтоқсан күні «Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы құзіреттілік орталығының жұмыс жоспары негізінде «Ұлттық құндылықтар - балабақша тәрбиесінің рухани өзегі» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Іс - шараға балабақша тәрбиешілері, өсу нүктелерінің әдіскерлері қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты - мектепке дейінгі тәрбие үдерісіне ұлттық құндылықтарды тиімді енгізу жолдарын көрсету, қазақ халқының мәдени мұрасын құрметтеуге бағытталған әдіс - тәсілдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Семинар барысында тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылып балабақшамыздың тәрбиешілері ұлттық құндылықтар аясында баяндама, ұйымдастырылған іс - әрекеттер, шығармашылық жұмыстар, психологиялық тренинг жүргізді.
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Құзіреттілік жоспар | ![]() |
| 2 | Құзіреттілік орталық 1 отырысы | ![]() |
| 3 | Шебер класс қазан | ![]() |
| 4 | Жаңа технология қараша | ![]() |
