№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Хаттама қамқоршылық №2 | |
2 | Хаттама қамқоршылық №3 | |
3 | Қамқоршылық кеңес жоспары 2024 - 2025 |
Бестамақ "Болашақ" балалар бақшасында қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы өтті. Біздің қамқоршыларымыз қамқоршылық кеңестегі қызметінен басқа қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларына қатысады.
Кеңес барысында 2024 жылға бөлінген бюджеттік қаржының игерілуі туралы меңгерушінің есебі, ата-аналар мен балабақшаның ынтымақтастығы, қамқоршылық кеңес мүшелерінің ертеңгіліктерге қатысуы туралы есеп тыңдалды.
Отырыс соңында жалпы жұмыстарды жақсарту жөніндегі ұсыныстары тыңдалды.
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Хаттама қамқоршылық №1 |
25.12.2023 ж. Балабақшамызда қамқоршылық кеңесінің алғашқы отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
1.Қамқоршылық кеңесінің ережесімен таныстыру.
2.Қамқоршылық кеңесінің төрағасын,хатшысын сайлау.
3.Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын бекіту.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, балабақша меңгерушісі Л Б.Курманова балабақшада ұйымдастырылып жатқан Қамқоршылық кеңесінің жұмыс мазмұнымен таныстырды.Қамқоршылық кеңесінің жұмысы ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілетінін айтып өтті. Балабақшадағы құрылып отырған Қамқоршылық кеңесінің мүшелігіне әрбір екі ата-ана, ауыл әкімшілігінен бір адам, құқық қорғау органдарының өкілінен бір адам, мектептен бір адам барлығы 5 адам келісім беріп отырғанын айтты. Жоғарыда атап өткен үлгілік қағидаға сәйкес Қамқоршылық кеңестің өкілеттігімен балабақша әдіскері Г.Б.Уразалина таныстырып өтті.
Екінші мәселе бойынша, Қамқоршылық кеңесінің мүшелері арасынан төраға сайлану қажеттігі айтылды. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері өзара пікірлесе келіп , Қамқоршылық кеңесінің төрағалығына Арыкова Г.А ұсынды.Қамқоршылық кеңесінің хатшысы болып балабақша әдіскері Г.Б.Уразалина тағайындалды.
Үшінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары талқыланды. Меңгеруші қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарына балабақшадағы мемлекеттік қызмет көрсетуді(балаларды балабақшаға қабылдау) , тамақтануды ұйымдастыру,балабақшадағы білім беру қызметінің сапасы сияқты мәселелерді қоюға болатыны жайлы ұсыныс айтты.
Қамқоршылық кеңес мүшелері жұмыс жоспарының жобасын талқылап,өз ойларын ортаға салды. 2023 жылдың желтоқсан айынан 2024 жылдың мамыр айына дейін төрт отырыс өткізіледі деп шешті.
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы |
«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК
қамқоршылық кеңесінің ережесі
1.Жалпы ережелер.
1.1 Қамқоршылық – білім жүйесінің қолдауымен байланысты әлеуметтік белсенділіктің ортасы, гуманитарлық қызметінің түрлері (білімі, ғылым, мәдениет пен өнер, спорт және денсаулық сақтау).
1.2. Қамқоршылық – қамқорлық қызметін жүзеге асыратын физикалық және заңды тұлға.
1.3. Қамқоршылық кеңес – білім мекемелердің және гуманитарлық қызметінің қолдауына қоғамдық-мемлекеттік формалардың бірлесе бақаруды және қаражат ресурстардың қосымша тартудың дамыту мақсатында құрылады.
1.4. Қамқоршылық қолдаудың алушылары– қамқоршылықпен бөлінетін қаражатқа Қазақстан Республикасының жас болашығымыздың дамуымен байланысты білім және гуманитарлық қызметін жүзеге асыратын физикалық және заңды тұлға.
1.5. Осы Қағида балабақшаның Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелері (бұдан әрі - Ережелер) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 44-бабының 9-тармағына, Білім және ғылым министрлігінің міндеттірін атқаратын 2017 жылғы 27 шілде N 355 Бұйрығына сәйкес әзірленген.
1.6 «Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ «Болашақ» Бестамақ балалар бақшасының қамқоршылық кеңесі мектепке дейінгі ұжымдық басқармасының формаларының бірі болып есептеледі (бұдан әрі –МДҰ).
1.7. Қамқоршылық кеңес білім мекеменің жарғысы және заңды тұлға мәртебесіз осы ереженің негізінде қызмет етеді.
Қамқоршылық кеңестің мақсаты –
-оның жарғылық функциясында білім ұйымына әрекеттесу;
- білім алушылардың және ұйымның педагогикалық ұжымы үшін қажетті жағдайдың жасалуы
-білім оқу бағдарламаның табысты жүзеге асыру мақсатымен жасау;
- қаражатты қолдауды қамтамасыз ету, білім ұйымының материалдық-техникалық базасын нығайту;
-білім ұйымының әрі қарай дамытуына әрекеттесу ;
1.8 Қамқоршылық кеңестің негізгі міндеттері:
- ұсыну және бастаманың талқылауларын жүзеге асыруға бағытталған, жалпы білім беретін ұйымдардың қызметінің ашықтығын арттыру;
- жалпы білім ұйымының оқу базасы мен материалдық-техникалық базасын нығайту мен жүзеге асыруында, оның бөлмелері мен аумағын абаттандыруға әрекеттесу;
- білім үдерісінің жүзеге асыру үшін, білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауына әрекеттесу;
- қоғаммен мектеп органдардың тиімді өзара іс-әрекеттесу үшін жағдай жасау;
- мектептің білім, қаражат, кадр потенциалын нығайту;
- ОУ берілген бюджеттен тыс материалдық құралы мен қаражатты тиімді пайдалану үшін механизмдердің жасалуы
- приориттетік бағдарламаларды және гимназияның дамыту жобаларын жүзеге асыру үшін қосымша қаражат құралдарын тарту, материалдық-техникалық базасын жетілдіру;
- білім алушылардың заңды құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау
- Қамқоршылық кеңестің құрамы
2.1 Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;
3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса).
2.2 Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылады. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі бір жылды құрайды. Қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді.
Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны үш адамнан аспайды.
2.3 Қамқоршылық кеңестің отырысында ашық дауыс беру жолымен дауыстар басымдылығымен сайланатын (қайта сайланатын) оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.
Мемлекеттік органдардың өкілдері Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланбайды және оның міндеттерін жүзеге асырмайды.
2.4 Төрайым орынбасары мен оның хатшысы Қамқоршылық кеңеспен сайланады.
2.5. Хатшы Қамқоршылық кеңеспен сайланады және Қамқоршылық кеңестің іс-жүргізудің жүргізілуіне жауап береді.
2.6. Қамқоршылық кеңестің жұмысын Қамқоршылық кеңес сайлаған хатшы қамтамасыз етеді.
2.7 Қамқоршылық кеңес егер отырыста оның мүшесі 2/3 кем болмаған жағдайда шешім шығара алады. Қамқоршылық кеңестің шешімі оның мүшелерінің көп дауыс берумен қабылданады.
2.8 Қамқоршылық кеңес мүшелер арасында тапсырмаларды таратуын кеңес отырысында анықталады.
2.9 Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өзінің функцияларын жүзеге асырылуы өтеусіз негізінде жүргізіледі.
2.10 Осы ережеге өзгертулер мен қосымшалар Қамқоршылық кеңестің жалпы ережесімен енгізіледі және оның отырысында бекітіледі
3.Қосымша бюджеттен тыс қаражаттың формалары, тарту тәртібі мен шығысы.
3.1 Білім беру ұйымына қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша жұмсалады.
3.2 Білім беру ұйымының қайырымдылық көмектен аударылатын кез келген түсімдері:
1) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысаны түрінде құрылған білім беру ұйымдары үшін - Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшеде ашылған қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шотына;
2) басқа ұйымдық-құқықтық нысаны түрінде құрылған білім беру ұйымдары үшін – екінші деңгейлі банкте ашылған шотына аударылады.
3.3 Қайырымдылық көмектерден түсетін түсімдер:
1) білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге әлеуметтік қолдау көрсетуге;
2) беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге;
3) спортты дамытуға, дарынды балаларды қолдауға;
4) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс білім беру процесін ұйымдастыруға шығыстарды жүзеге асыруға.
3.4 . Білім беру ұйымы жыл сайын қаржылық жылдың қорытындысы бойынша сол білім беру ұйымының интернет-ресурсында, тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органының өзінің интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы қайырымдылық көмек қаражатының пайдаланылуы және қозғалысы туралы жұртшылыққа ақпарат береді.
4.Қамқоршылық кеңесінің іс-жүргізілуі
4.1 Қамқоршылық кеңесінің отырысында төрайым мен хатшысының қолымен хаттама жүргізіледі
4.2 Хатшының функциялары Қамқоршылық кеңесінің мүшесінен сайланады
4.3 Құжаттар Қамқоршылық кеңесінің төрайымында 1 жыл сақталынады
5.Ереженің іс-әрекет мерзімі:білім мекеменің типтің (немесе түрінің) өзгерілуі.
Меңгерушісі Л.Б.Курманова