2026 жылдың 21 қаңтар күні "Болашақ" Бестамақ балалар бақшасының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес "Жасанды интеллект шеруі " семинары өткізілді .
Семинар барысында балабақша әдіскері Бекенова Г.Ж "Балабақшада пайдалы платформаларды қолдану жолдарымен" таныстырып, тәрбиеші Бурханова Р.Х "CapCut бағдарламасымен балаларға анимациялық мультфильмдер құрастыру" тақырыбында педагогтармен практикалық жұмыс жасады .Тәрбиеші Шинтасова С.О балабақшада ересек топтарға арналған логикалық ойындарда жаңа технология тәсілдерін қолдану жолдарын көрсетті және тәрбиеші Таужанова А.Т QR код арқылы педагогтар мен ата-аналарға жүргізілетін сауалнамалар жасау жолдарымен әріптестермен бөлісті . Балабақшаның жас маманы Бегеева А.Т "Мұнара тұрғызу " тренингін өткізді .