Сыбайлас жемқорлық -теріс құқықтық және әлеуметтік құбылыс.
2023 жылғы 11 мамырда Бестамақ «Болашақ» балалар бақшасында «Сыбайлас жемқорлық -теріс құқықтық және әлеуметтік құбылыс»тақырыбында пікірталас өтті. Іс-шараның мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа қатысты өз пікірін және ұстанымын,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимылға негізделген нақты азаматтық ұстанымды қалыптастыру. Дебат турниріне екі «Бекіту» және «Теріске шығару» командалары қатысты. Педагогтар өз білімдерін көрсете отырып, ойынға белсенді қатысты. Ұсынылған тақырыпты қызу талқылап, сыбайлас жемқорлық сияқты жағымсыз қоғамдық құбылыс туралы өз пікірлерін білдірді және бекітті. Пікірталас педагогтардың жоғары дайындық деңгейін, іс-шараны шебер ұйымдастыруды және қатысушылардың тақырыптық диалог жүргізу дағдыларын көрсетуге деген ынтасын көрсетті.