Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ

Референдум - 2026

Ақпарат алу үшін келесі сілтемеге өтіңіз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/activities/78950?lang=kk

Для получения информации, перейдите по следующей ссылке: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/activities/78950?lang=ru


Сайлау учаскесін онлайн табыңыз / найди свой избирательный участок онлайн

Telegram-бот пайдалана отырып, қай сайлау учаскесінде дауыс беру қажет екенін біліңіз: https://t.me/Akimat04bot

Узнайте, в каком избирательном участке необходимо пройти голосование, воспользовавшись Telegram-ботом: https://t.me/Akimat04bot


 

Су – адам үшін қауіпті апат. Тіпті тыныш ағып жатқан тынық судың өзі қауіпсіз сияқты көрінгенімен, оның да өзіндік қауіптілігі бар. Балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың судағы қауіпсіздік ережелерін орындамауы салдарынан келеңсіз оқиғалар орын алып жатады.
 Судағы қауіпсіздіктің негізгі ережелері:
- балалар тек ересектердің бақылауымен ғана суда шомылуға болады;
- жүзіп білмейтін балаларды суға арнайы құралдарсыз (шеңберлер, жеңдер, матрастар) жіберуге болмайды;
- суға тамақтанғаннан кейін бірден шомылмаңыз;
- егер судың температурасы +16°С төмен болса, суға түсуге болмайды, себебі судың суықтығынан аяқ-қолдың тырысуы немесе естен айырылу жағдайлары болуы мүмкін;
- суға тек қана рұқсат етілген қауіпсіз, арнайы жабдықталған жерлерде түсу керек;
- белгі қойылған жерден асып жүзуге болмайды, ол болмаған жағдайда жағадан алыс жүзбеу керек;
- тайыз жерге немесе белгісіз тереңдікке секіруге болмайды;
- қайық, айлақ, көпір үстінен секіруге болмайды;
- күнге қыздырынғаннан кейін немесе ұзақ жүгірістен соң суға секіруге болмайды, себебі естен айырылып қалу, жүректің тоқтап қалуы мүмкін. Алдымен сумен шайынып алу керек;
- дауыл немесе толқын болған жағдайда шомылуға болмайды.
Есте сақтаңыз! Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы – суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.