«Сиқырлы әуен»
2026 жылғы 20 қаңтарда Бестамақ ауылындағы «Болашақ» балалар бақшасында «Жұлдыз-ай» ересек тобымен «Сиқырлы әуен» тақырыбында ашық музыкалық квест іс-әрекеті ұйымдастырылды.
Іс-әрекет барысында балалар музыка тыңдап, ырғақты жаттығулар жасады, «Сиқырлы сандықтан» музыкалық аспаптарды тауып, олардың атын атап, дыбысын тыңдады, мнемокесте арқылы ән жаттады, оркестрде ойнап, барлық бекеттерден мүдірмей өтті.
Ұйымдастырушы: балабақшаның музыка жетекшісі Наурзалиева А. А.