Балапан тобында "Адал азамат : біртұтас тәрбие беру бағдарламасы" негінде "Шын жүректен кітап сыйла" челленджі ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, мейірімділік пен сыйластыққа баулу.
Челлендж барысында әр бала өз жүрек қалауымен кітап сыйлап, достарымен бөлісті. Кішкентайлардың қуанышты сәттері мен шынайы эмоциялары ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар, кітап сыйлау арқылы балалар бір-біріне қамқорлық пен ізгі ниеттің маңызын түсінді.
Осындай игі бастамалар арқылы бүлдіршіндердің рухани дамуына жол ашылып, кітап оқуға деген сүйіспеншілігі арта түседі.