2025 жылдың 13 қарашасы күні "Болашақ" Бестамақ балалар бақшасы Құзыреттілік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес "Шығармашылық ойын - баланың дамуы мен құзыреттілігінің қайнары" шебер-класс ұйымдастырылып өткізілді.
Шара барысында орталықтың жұмыс жоспары таныстырылып, педагогтарға атқарылатын жұмыстар бойынша ақпарат берілді.
Бала дамуының кайнар көзі - шығармашылық ойындар ойнатылып, қатысушылардың командалық жұмысын дамытуға, креативті ойлау қабілеттерін арттыруға және кәсіби құзыреттіліктерін шыңдауға бағытталды. Қатысушылар берілген тапсырмалар бойынша топпен жұмыс істеп, шығармашылықтарын көрсетті.
Рефлексия кезеңінде өсу нүктелерінің педагогтары өз пікірлерін білдіріп, орталықтың алдағы жұмыстарына бірлесе жұмыс жасайтындарын атап өтті.