16-наурыз Наурызнама онкүндігінің кестесі бойынша "Шаңырақ күні" болып есептеледі. Қазақ мәдениетінде шаңырақ бақытты өмірдің негізі, ұрпақтар сабақтастығы мен туыстық байланыстың беріктігін сипаттайды.
Бұл күн отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, салт-дәстүрді сақтауға бағытталған. Отбасы – адам сүйіспеншілікке, мейірімділікке, төзімділікке, жауапкершілікке баулитын адамгершіліктің алғашқы мектебі. Бұл күні туыстық байланыстың маңыздылығын, отбасылық дәстүрлерді сақтап, оларға келер ұрпаққа аманат ету қажеттігін ерекше атап өткен жөн.
Бұл күн дәстүрге құрмет пен ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтудың жарқын символына айналды.