27.03.2025 жылы Бестамақ "Болашақ" балалар бақшасының қызметкерлері екі айлық сенбілік аясында балабақша аумағына және ауылымыздың балабақшаға бөлінген Алға көшесіне тазалау жұмыстарын жүргізді. Ауыл шырайын шұғылалы ету мақсатында биыл да ауданды көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу жұмыстары жүйелі түрде атқарылып келеді. Сенбілік - бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. Аталған шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым - қатынасын қалыптастыруға және ауылдың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды. Қоршаған ортаны абаттандыруға жанашырлық танытып, апта сайын өткізілетін сенбіліктің мақсаты - туған жерді аздырмай, қолдан келгенше көркейтіп көгалдандыру. Қашанда халық үшін ауыл - руханияттың темірқазығы, ұлттық құндылықтардың алтын бесігі, береке - байлықтың бастауы. Туған жерінің ауасын жұтып, суын ішіп, табиғатынан қуаттанған әрбір азамат өз ауласын таза ұстап, қадірлеуі тиіс. Сенбілік өз деңгейінде өтіп, айнала қоқыстан тазартылды.
Ақпарат алу үшін келесі сілтемеге өтіңіз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/activities/78950?lang=kk
Для получения информации, перейдите по следующей ссылке: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/activities/78950?lang=ru
Сайлау учаскесін онлайн табыңыз / найди свой избирательный участок онлайн
Telegram-бот пайдалана отырып, қай сайлау учаскесінде дауыс беру қажет екенін біліңіз: https://t.me/Akimat04bot
Узнайте, в каком избирательном участке необходимо пройти голосование, воспользовавшись Telegram-ботом: https://t.me/Akimat04bot