Алға ауданы әкімдігінің қаулысына сай наурыз айының 27-нен бастап екі айлық сенбілік жарияланған болатын.
Балабақшада сенбілік аясында тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. Сенбілік барысында мекеме аумағы қоқыстан тазартылып, ауланың тазалығы мен тәртібі ретке келтірілді.
Қызметкерлер бірлесе еңбек етіп, айналаны таза ұстауға өз үлестерін қосты. Бұл шара ұжымның ұйымшылдығын арттырып, тазалыққа деген жауапкершілікті күшейтті. Нәтижесінде балабақша аумағы тазарып, балаларға жайлы әрі таза орта қалыптасты.