Балабақшамызда «Наурызнама» онкүндігі аясында Ұлттық киім күні өткізілді.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер қазақ халқының ұлттық киім үлгілерін көрсетті. Қыздар әсем камзол, бүрмелі көйлек, сәукеле мен тақия кисе, ұлдар шапан, бешпент, тақиямен сән түзеп, ұлттық нақышты айқын жеткізе білді.
Балалар ұлттық киімдерді тек киіп қана қоймай, олардың ерекшеліктері мен мағынасы туралы мәлімет алды.
Мерекелік шара балаларға ерекше әсер сыйлап, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықтарын арттырды.