2025 жылдың 7 қараша күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Алға ауданы, "Болашақ" Бестамақ балалар бақшасының тәрбиешісі , педагог- сарапшы Косанова Гульмира Сабидуллаевнаның жетекшілігімен «Мен елімді сүйемін» тақырыбындағы облыстық шығармашылық шеберханасының І отырысы өтті. Аталған шараға өңіріміздің мектепке дейінгі ұйым педагогтары қатысты.
Шеберхана отырысының мақсаты – балабақша тәрбиешілерінің кәсіби шеберлігін арттыру, отансүйгіштік тәрбие берудің жаңа әдіс-тәсілдерін насихаттау және педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамыту болды.
Жұмыс барысында балабақша меңгерушісі Курманова Лаззат Бауржановна «Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтың маңызы» туралы баяндай отырып, патриоттық сезімді бала бойына сіңірудің тиімді жолдарымен, инновациялық тәсілдерін атап , шеберхана жоспарымен таныстырды. Балабақша тәрбиешісі Бурханова Райхан Хорматовна педагогтармен «Бестемше» ұлттық ойынын ойнатып, ойынның маңыздылығын, ерекшелігін көрсетті.
Шеберхана жетекшісі Гулмира Сабидуллаевнаның «Қолөнер – халықтың қазынасы» шебер –класы барысында ұлттық құндылықтар бойынша шығармашылық жұмыстар жасалып, шеберхана отырысы теория мен тәжірибе алмасудың шынайы алаңына айналды.
Отырыс соңында кері байланыс жүргізіліп, әрбір қатысушы өз әсерлерімен және алған білімдерін педагогикалық тәжірибелеріне белсенді енгізетіндіктерін атап өтті. Мұндай шеберханалар мектепке дейінгі ұйым педагогтарының кәсіби дамуына, сонымен қатар жас ұрпақтың елжандылық сезімін қалыптастыру ісіне зор үлес қосатыны сөзсіз.