«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша
ата-аналармен өткізілген
«Ұлттық музыкалық ырғақтар» іс-шарасы
Жүрг: Құрметті ата-аналар! Бүгінгі іс-шарамызға қош келдіңіз! «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Мақсаты:Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Балабақшадан ұлттық аспаптарды,ұлттық ойындарды,мақал-мәтелдерді отбасы мен балабақша бірігіп бала бойына сіңірсе Отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл,Мемлекеттік рәміздерді қадірлейтін ,елінің тарихын құрметтейтін,ұлттық мирасты, мәдениетті дәріптейтін азамат шығады деп ойлаймыз.
Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық
Уық болып иіліп,
Киіз үйді құрайық!
Міне,бәріміз бір болдық.Бір киіз үйдің ішінде бір отбасы болдық.Ендеше,бәріміз бірігіп «Тақия »ойынын ойнайық.
1.Ойын: «Тақия»
Мақсаты:Қазақтың бас киіміне деген құрмет көрсету,әуен бойынша қимылдар жасау.
2. Қазақтың «Келіншек» күйіне асықпен асатаяқ аспабы арқылы оркестр ойнау.
3. «Рахмет» жаттығуы
Ата-аналар ортада шеңбер құрып тұрады.Психолог осы жиналысқа келгенге дейінгі көңіл-күйлерін,ойларын,жағдайларын,себептерін сол алақанға, ал, бүгінгі іс-шарадан алған әсерлерін оң алақанға салуын сұрайды. Мұнан кейін барлығы бір уақытта алақандарын қатты соғып «Рахмет» дейді.
Қандай сезімде болдыңыздар?
Өткізушілер: НаурзалиеваА.А.
Шамшина Н.М.
Жубатова А.У.
«БОЛАШАҚ»БЕСТАМАҚ БАЛАЛАР БАҚШАСЫ