14.05.2026 жылы Халықаралық отбасы күніне орай «Болашақ» Бестамақ балалар бақшасында «Әкем, шешем және мен» атты спорттық сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа ата-аналар балаларымен бірге қатысып, түрлі қызықты ойындар мен эстафеталарға белсене қатысты. Отбасылар ұйымшылдықтарын, шапшаңдықтарын және бірліктерін көрсетті. Іс-шара соңында барлық қатысушы отбасылар Алғыс хаттармен марапатталды.
Жауапты: Бурханова Р.Х