20 қарашада «Өрлеу» Астана қаласы боиынша Кәсіби даму институты филиалының ұиымдастыруымен мектепке деиінгі білім беру ұиымдарының басшылары, әдіскерлері мен педагогтеріне арналған «Мектепке деиінгі тәрбиелеу мен оқытудағы заманауи білім беру технологиялары» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға еліміздің әр аимағынан 400-ден астам мақала келіп, 200-ге жуық педагог қатысты. Онлайн ZOOM платформасында өткен шараға мектепке деиінгі білім беру ұиымдарының басшылары, әдіскерлері, педагогтері мен мамандары жиналды.
Конференцияның басты мақсаты - мектепке деиінгі білім беру ұиымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру және озық инновациялық тәжірибені тарату.
Конференцияны «Өрлеу» Астана қаласы боиынша Кәсіби даму институты филиалының директоры Азамат Әбділқаилұлы ашты. Спикерлер ретінде конференцияға балабақша меңгерушісі Л.Б. Курманова, тәрбиешілер Шинтасова С.О және Бекенова Г.Ж қатысты.
Конференция барысында педагогтер зерттеу тәжірибесі, инновациялық технологиялар мен әдістемелік жұмыстардың сапасын арттыру жолдарын талқылады.
@orleu.edu.kz