«Гүлге оранған ханзада мен ханшайым»
25.06.2026 жыл Болашақ Бестамақ балалар бақшасының жазғы сауықтыру жоспары аясында «Гүлге оранған ханзада мен ханшайым» атты сәнді мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында бүлдіршіндер гүлдермен безендірілген ерекше киім үлгілерін таныстырып, өз өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Қызықты ойындар ұйымдастырылды. Балалар көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жаз мезгілінің әсемдігін паш етті. Мереке соңында барлық қатысушылар марапатталды.
Тәрбиешілер:
Таужанова А.Т.
Бегеева А.Т.