7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған «Ер жүрек ұлдар – ел қорғаны» атты мерекелік іс-шараға ересек «Жұлдыз-ай» және «Балдырған» топтарының тәрбиешілері белсене қатысты.
Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, көңілді билер биленіп, ұлттық рухты көтеретін ойындар ұйымдастырылды. Қатысушылар арқан тартысып, күш сынасып, гантель көтеріп өздерінің ептілігі мен шапшаңдықтарын көрсетті.
Мерекелік шара бүлдіршіндердің Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, ұйымшылдық пен батылдыққа баулуға бағытталды.
Жауапты: Бурханова Р.Х, Косанова Г.С