"Болашақ" Бестамақ балалар бақшасында ересек «Жұлдыз - ай» және «Балдырған» топ бүлдіршіндері арасында «Ел рәміздері - еркіндік нышаны» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Балалар Отан мен мемлекеттік рәміздер туралы тақпақтарын мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.
Сайыс барысында бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Шараның басты мақсаты - жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру болды. Сайыс соңында барлық қатысушылар марапатталып, ерекше әсерге бөленді.
Жауапты: Бурханова Р.Х