Балаларды еңбекке баулу – олардың табиғатты аялауға, жауапкершілікке және ұқыптылыққа тәрбиелеудің маңызды жолы.Осы мақсатта «Балапан» тобының тәрбиеленушілері балабақша ауласындағы гүлдерді суарып, арамшөптерден тазартып, гүлзарларды күтіп-баптау жұмыстарына белсене қатысты. Балғындар өз қолдарымен жасаған еңбектің нәтижесін көріп, табиғатқа қамқорлық жасаудың маңызын сезінді.
Осындай қарапайым еңбек арқылы балалардың еңбекке деген сүйіспеншілігі артып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау дағдылары қалыптасады.