«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасында «Дені сау бала – дені сау ұлт» апталығы аясында екінші күні «Жұлдыз-ай» ересек тобының тәрбиеленушілері арасында «Эстафеталық сайыс» ұйымдастырылды.
Мақсаты: балалардың дене тәрбиесіне деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, ептілікке, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа және бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.
Сайыс барысында тәрбиеленушілер түрлі қызықты эстафеталық тапсырмаларды орындап, өздерінің ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсетті. Балалар жоғары белсенділік танытып, спорттық жарыстың қызығын сезініп, көтеріңкі көңіл күйде қатысты.
Өткізген: Бурханова Р.Х.