"Болашақ" Бестамақ балалар бақшасының "Балапан" және "Қуыршақ" ересек топтары табиғат аясына саяхатқа шықты.
Балалар табиғатпен танысып, ағаштар, бұталар, өсімдіктер, құстар мен жәндіктер туралы білімдері кеңейді. Табиғаттың әсемдігін сезініп, оны қорғауға және аялауға үйренді. Таза ауада серуендеу арқылы балалар қимылды ойындар ойнап, денсаулықтары нығайып, қозғалыс белсенділігі артты.