Мақсаты: Балалардың бойына ұлттық рухты ұялату, патриоттық сезімді дамыту. Балаларды өнерді сүюге, салт -санамызды қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін мақтан  етуге, туған  еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Жүрг: Армысыздар, балабақша  қонақтары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен жыр, өлең мен күйю
Сіздер үшін өнердің шашулары.
Райымбек:
Күй атасы Құрманғазы атамыз
Күйлеріне тәнті болып жатамыз.
Динадайын шәкірті бар тектінің
Өнегесі азық бізге жақсының
Оркестр: «Келіншек»күйі
Жігер:
Әндері мен күйлерін,
Жаттап лезде аламыз.
Ізін басып өнердің
Бізде сондай боламыз.
Ән: «Біз бақытты баламыз»
Аяла: 
Ән мен күйді төгілтіп, 
Інжу-маржан шашайық
Қонақтарды таңқалдырып,
Өнерді күмбез жасайық.
БИ: «Шашу» торсықпен
Алинұр: 
Әнді айту әркімге де өнер ғой
Өнер деген түбі шексіз әлем ғой
Әр шәкірттің қабілеті әр қилы,
Әсем әнді орындаған шебер ғой
ӘН:«Сен дегенде Қазақстан»
Асия: 
Биле жаным билеші
Билегенді қоймашы
Қайтып келмес балалық
Билеші мың бұралып
БИ: «Асық»биі
«Гүлдерайым »әніне Жұлдыз-ай тобы балаларының оркестрі
Жүрг:
Өнер деген -таусылмайтын дария
Өнер деген -жүз жасаған қария
Өнер деген -бәрінен де биікте
Өнер деген -барлығына жария.
Жаңа өмірдің жемісін теріңіздер 
 Балалардың жақсылығын көріңіздер
 Рахмет бүгінгі кеш қонақтары
 Ұмытпай жиі - жиі келіңіздер
 Баршаңызға ашық аспан, бейбіт өмір, көтеріңкі көңіл тілеймін!
«БОЛАШАҚ» БЕСТАМАҚ БАЛАЛАР БАҚШАСЫ
«БІЗ ӨНЕРЛІ БАЛДЫРҒАН»
Ересек «Жұлдыз –ай», «Қуыршақ»
						








