«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы«Біртұтас тәрбие бағдарламасы»
Аясында ата-аналармен өткізген
Желтоқсан - 2023
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Ұлттық тәрбие-ел болашағы" тақырыбына бағытталған іс-шара өткізілді. Осы бағдарлама бойынша балалармен күнделікті ойналатын ойындары "Ат жарыс", "Қыз қуу", "Тақия " ойындарын ойнаттық. Мақсаты: ұйымшылдыққа, ұлтжандылыққа, әдептілікке үлкенге құрмет, кішіге ізет қасиеттердің негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған
Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды. Міне, сондықтан Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы білім беру саласына қатысты бірқатар негізгі міндеттерге тоқталған болатын. «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатыр. Жаңа оқу жылынан бастап 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылуда. Бұл құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» –ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Міндеттері: Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
Ата-аналар «Ерке сылқым» күй әуенімен топқа кірді.
Ойын: «Тақия» ойыны
Ойын: «Ат жарыс»
Ойын: «Қыз қуу»
Іс-шара барысында қатысушылар оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда білім беру ұйымдарындағы 2023-2024 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысының беталысын, құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерін, білім алушылардың бойында құндылықтарды пәндік мазмұн, сынып сағаттары мен сыныптан тыс әлеуметтік тәжірибелер арқылы дарытудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп, өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салып, ертеңгі ұрпақты жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға етіп тәрбиелеудің тиімді жолдарын талқылады.
Айта кетейік, барлық өңірде білім беру ұйымдарының барлық тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, талап сияқты құндылықтар көрініс табуы қажеттілігін атап, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұла бойына шоғырланған жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында қатысушыларға тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тиімділігін арттырудың жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.