"Болашақ " Бестамақ балалар бақшасы
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы "
аясында ата-аналармен өткізілген
"Ұлттық ойындар"
Өткізгендер:
ересек "Қуыршақ" тобының тәрбиешілері Г.Ж.Бекенова;Б.Ө.Нүрмухан
кіші "Балдырған" тобының тәрбиешілері Г.С.Косанова; А.Т.Таужанова
Желтоқсан - 2023
Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды. Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу–барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз–жасұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. "Біртұтас тәрбие бағдарламасы " аясында ата-аналармен "Ұлттық ойындарды" насихаттау мақсатында "Бес тас" , "Асық" , "Киіз үйді құрайық" тақырыбындағы ойындар ойнатылды."Тілек шамы" - әр ата-ана жүрекжарды тілегін айтып іс-шара қорытындыланды.
Амандасу:
Ұлттық ойын: "Бес тас" Тәрбиеші: Б.Ө.Нүрмухан
Бес тас (шекемтас) — көбiне қыздар ойнайтын ұлттық ойын. Ол үшін домалақ, ұстауға ыңғайлы бес тас, отырып ойнауға ыңғайлы тегіс жер керек. Ойын бірнеше сатыдан тұрады. 1 — «Бірлік». Ойыншы бес тасты жерге шашады. Таңдап алынған қақпа тасты бip қолымен аспанға лақтырады да, жердегі бipeyiн көтеріп қайта қосып алады. Қалғандарын осылай бір-бірлеп көтереді. 2 — «Екілік». Бұл жолы екі тастан көтереді. 3 — «Үштiк». Үш тасты бipre бip рет, жеке тасты екінші рет жерден көтереді. 4 — «Төрттік». Төрт тасты бірге көтеру керек. 5 — «Алақан». Төрт тасты бір-бірлеп алақанға жинайды. 6 — «Төртбұрыш». Төрт тасты төрт жерге төртбұрыш етіп жасап, оларды тез жинап алады. 7 — «Арттан тастау». Бірліктегідей бip тасты жерден көтеріп алады. Қақпа тасты лақтырып, екіншісіне көтергенше, алғашқысын қолдың артынан жерге тастайды. Осылай бәрін тастап болғаннан кейін оларды түгел бipгe көтеру керек. Ойынның басқа да сатылары бар.
Ұлттық ойын: "Асық" Тәрбиеші: А.Т.Таужанова
Шарты: асық иіріп , түскен асықты берілген картоннан құрастыру
Асық ойыны– қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Асықты далада, алаңда ойнайды. Асық ойнап өскен бала мерген, өзгелерден ептілеу, зеректеу, табандырақ, шыдамды болып келеді.Асық сойылған қойдың, арқардың, ешкінің, киіктің асықты жілігінен алынады. Оны шикідей де, піскен күйінде де сіңірінен тазалап, пайдалана береді. Шикі асық салмақты, берік келеді. Асықты кез келген жерге тастай салсаң, не тұра қалады, не жатады ғой. Тұрса– не алшы, не тәйке, не омпы тұрады да, жатса– не бүк, не шік жатады. Жолында омпы тұрған асықты көрген қазақ жолым болады екен деп, ырымдап сүйіп алып, сақтап жүрген. Өйткені асық омпысынан өте сирек тұрады.
Ұлттық ойын: "Киіз үйді құрайық" Тәрбиеші: Г.Ж.Бекенова
Шарты: киіз үй бөліктерін ретімен алып,берілген сұрақтарға жауап бере отырып құрастыру.
Киіз үй негізгі үш элементтен тұрады: кереге, уық, шаңырақ. Жылжымалы тор көз – кереге, кереге басы мен шаңырақты жалғастыратын ағаш – уық, киіз үйдің төбесі – шаңырақ. Керегенің әр бөлігі қанат деп аталатын қабырғалардан тұрады
Релаксация "Тілек шамы" Тәрбиеші: Г.С.Косанова