Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ

Референдум - 2026

Ақпарат алу үшін келесі сілтемеге өтіңіз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/activities/78950?lang=kk

Для получения информации, перейдите по следующей ссылке: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/activities/78950?lang=ru


Сайлау учаскесін онлайн табыңыз / найди свой избирательный участок онлайн

Telegram-бот пайдалана отырып, қай сайлау учаскесінде дауыс беру қажет екенін біліңіз: https://t.me/Akimat04bot

Узнайте, в каком избирательном участке необходимо пройти голосование, воспользовавшись Telegram-ботом: https://t.me/Akimat04bot


 

 Сапар барысында мекеменің күнделікті тыныс-тіршілігімен танысып, оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылу барысын көзбен көріп, ұжыммен еркін форматта пікір алмасты.

Балабақша әдіскері  білім беру ұйымының жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы баяндап, балалардың жан-жақты дамуына бағытталған әдістемелік жұмыстар мен шығармашылық жобалармен таныстырды. Сонымен қатар, мекеменің материалдық-техникалық базасы, санитарлық-гигиеналық жағдайы, қауіпсіздік талаптарының сақталуы да назардан тыс қалмады.

Балаларға жасалған қолайлы жағдайлар, тәрбиеленушілердің белсенділігі мен шығармашылық қабілеттері, сондай-ақ тәрбиешілердің кәсіби шеберлігі білім бөлімінің басшысы тарапынан оң бағасын алды.

Кездесу соңында білім бөлімінің басшысы балабақша ұжымына алғысын білдіріп, жас ұрпақтың жарқын болашағы жолында жасап жатқан еңбектеріне табыс тіледі. Сонымен қатар, сапалы білім мен тәрбие беру ісінде жаңашылдық пен үздік тәжірибелерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.