Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ

Балабақшада таңғы қабылдау барысында халқымыздың тамаша дәстүрлерінің бірі - Көрісу күні ерекше ықыласпен атап өтілді. Бұл күні ата-аналар мен ауыл ұжымдары балабақша ұжымымен жүздесіп, бір-бірімен қол алысып, амандық-саулық сұрасып, ақжарма тілектерін білдірді.
Көрісу - тек амандасу ғана емес, ол адамдар арасындағы сыйластық пен татулықты нығайтатын, жүректерді жақындататын ізгі дәстүр. Осындай тағылымды сәтте бүлдіршіндер үлкендердің көрісу рәсімін көріп, халқымыздың салт-дәстүрінің мән-маңызын сезіне білді.
Жылы жүздесу мен ақ тілектерге толы бұл күн баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, бірлік пен берекенің белгісіндей әсер қалдырды. Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған осындай игі шаралар жас ұрпақтың бойына үлкенге құрмет, кішіге ізет қасиеттерін дарыта беретіні сөзсіз.