Алаяқтықтың алдын алу – ортақ міндет
Балабақшада қызметкерлерге арналған түсіндіру жұмысы өткізілді. Іс-шараға Алға ауданы ПБ ҚҚБ УПИ полиция майоры Қ. С. Ермекбай және балабақша меңгерушісі Л. Б. Курманова қатысып, қазіргі таңда жиі кездесетін алаяқтық түрлері, олардың алдын алу жолдары және алданудың салдары туралы кеңінен ақпарат берді.
Кездесу барысында интернет-алаяқтық, телефон арқылы жасалатын қулық-сұмдықтар, жалған банк қызметкерлерінен түсетін қоңыраулар, әлеуметтік желілердегі күмәнді сілтемелер туралы нақты мысалдар келтірілді. Сонымен қатар, жеке деректерді қорғау, банк картасының мәліметтерін ешкімге бермеу, белгісіз нөмірлерден келген хабарламаларға сақтықпен қарау қажеттігі ерекше атап өтілді.
Мұндай алдын алу шаралары қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, алаяқтық әрекеттердің құрбаны болмауға бағытталған. Кездесу соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.