Бүгін балабақшада «Адал азамат» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты - жас ұрпаққа адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты құндылықтарды дәріптеу және қоғамда парасатты азамат қалыптастырудың маңызын түсіндіру.
Іс - шара барысында:
• Адалдық пен әділдіктің қоғамдағы орны туралы пікірлер айтылды
• Балаларға үлгі болатын тұлғалардың өмірінен мысалдар келтірілді
• Педагогтар мен қызметкерлер адалдықты тәрбиелеудің жолдарын талқылады
• Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, тәжірибе алмасты
Семинардың нәтижесінде ұжым адалдық пен әділдікті күнделікті өмірде ұстанудың маңызын тағы бір мәрте айқындады.
Балабақша ұжымы балаларды адал, әділ, жауапты азамат етіп тәрбиелеу жолында бірлесе еңбек етуді жалғастырады!