Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ

31.10.2025ж

Міндеті: Отбасы құндылықтарын дәріптеу, әке мен бала арасындағы байланысты нығайту. Әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін айқындап, оларға әлеуметтік қолдау көрсету.Әкелерді балабақша өміріне белсенді қатыстырып, ынтымақтастықты арттыру.

Шара барысында:

Балабақша әдіскері Г.Б.Уразалина және педагог - психолог Н.М. Шамшинаға сөз берілді. Әкелер мектебінің жылдық жоспары таныстырылды.Әке мен бала қарым-қатынасына арналған бейнеролик көрсетілді."Отбасылық құндылық ағашы" атты шығармашылық жұмыс ұйымдастырылды.Әке мен балаға қатысты сұрақ-жауап ойыны өткізіліп, "Шаңырақ" атты тренинг арқылы ата-аналарға бірлік пен татулықтың маңызы түсіндірілді.

Құрметті әкелер!

"Әке - отбасының тірегі" тақырыбындағы дөңгелек үстелге уақыт бөліп, белсенді қатысқандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздердің бала тәрбиесіне деген жауапкершіліктеріңіз бен үлестеріңіз – болашақ ұрпақтың саналы, тәрбиелі болып өсуіне үлкен негіз.

Әке мен бала арасындағы сыйластық пен сенім – отбасының берекесі, қоғамның тірегі. Сіздердің өнегелі сөздеріңіз бен іс-әрекеттеріңіз балаларға үлгі болып, олардың бойына адалдық, еңбекқорлық, отансүйгіштік сияқты асыл қасиеттерді сіңіреді.

Алдағы уақытта да бірлескен іс-шараларда жүздесіп, тәрбиелік жұмыстарды бірге жалғастыра берейік!

Жауапты: Муз.жетекшісі: А.А.Наурзалиева Тәрбиеші: Р.Х.Бурханова