Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/bolashak-bestamak-bb.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы

«Ұлттық құндылықтар»

Ата-аналармен тәрбиелік іс-шара.
Ұйымдастырған: Шинтасова С.О., Досова А.Б.
Базаргалиева А.К., Габдуллина Ж.Е.


2023 жыл, қараша
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.Балабақшада біз ұлттық құндылықтарды бала бойына қалай сіңіре аламыз...әрине ойындар арқылы. Ендеше біз бүгін ұлттық құндылықтарға негізделген ойындарды ойнап көреміз.
«Қара жорға» биінің қимылын жасап кіру.

1-ойын. «Ұлттық құндылықтар» дидактикалық ойыны.
Мақсаты: сана-сезімдерді жаңғырта отырып, ұлттық мұралар мен салт –дәстүрлерге байланысты білімдерін еске түсіру.
Шарты: ойыншы текшені лақтыра отырып, түскен текшенің түсіне сәйкес асықтың суретін ашады да, соның астындағы суретке сай тапсырма орындайды. (сұрақтарға жауап береді).

1.Домбыра-күйді тыңдап, атын және кімнің күйі екенін табыңыздар.
2.Торсық-торсық неден дайындалады және қандай мақсатта қолданылады? (Торсық жасаудың негізгі шикізаты түйенің, сиырдың, жылқының жон, сауыр терісінен тігеді. Тері тұздалмаған жақсы өңделген болу керек. Ата-бабамыз мал баққан, көшпелі қоныс аударып жүретін халық болған, сондықтан торсықты ыдыс ретінде пайдаланып қымыз, айран, шұбат т.б. сүт тағамдарын құйып пайдаланған. Торсықтың сол кездегі тиімділігі ішіндегі сусын ашымаған және сынбайтын ыдыс болған.)
3. Тақия-ұлттық ойындарды атаңыз.
4.Ою-оюлардың аттарын атаңыз.
5.Бауырсақ-ұлттық тағамдарды атаңыз.
6.Қоржын-қоржын туралы не айта аласыз? (Қоржын – иірілген жүннен тоқылған үй бұйымы. Түрлі заттар алып жүруге пайдаланылады. Жай жолақты немесе түрлі өрнекті, сондай-ақ кілемше (түкті, өрнекті) түрінде жасалады.)
7.Бесік-балаға байланысты салт-дәстүрлерді атаңыз.(шілдехана, бесік той, тұсау кесу, сүндет той, сырға той)
8.Астау-ас туралы мақал-мәтел айтыңыз. (Ас – адамның арқауы.
Қонақ келсе, ет қызарар, Ет қызармаса бет қызарар.
Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің.
Беретін кісі келгенде, бес қайнайды қазаным.
Барыңды батып іш, Жоғыңды сатып іш. 
Тойсаң, тоба қыл.
Құрғақ қасық ауыз жыртады.
Арпа, бидай ас екен, Алтын, күміс тас екен. 
Бір күн дәм татқанға қырық күн сәлем.
Аш бала тоқ баламен ойнамайды, Тоқ бала аш болам деп ойламайды.)
9. Камзол-әйел адамның ұлттық киімдерін атаңыз. (көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәжекей, кебіс-мәсі)
10.Сәукеле- қазақ халқы сәукелені не үшін кигізген? 
2-ойын. «Бәйге» үстел үсті ойыны.
Мақсаты: асықтарды дұрыс иіруге, ептілікке, алғырлыққа баулу.
Шарты: Ойынға 3-4 ойыншы қатысады. Әр ойыншының 2 асығы болады, бұл бәйге тұлпарлары. Ойыншылар алма-кезек асықтарды иіріп отырады, алшы мен тәйке қатар түскен уақытта 2 «тұлпары» қатар жүреді, ал тек алшы немесе тәйкенің бірі түссе тек бір «тұлпар» жүреді. Ойыншылардың міндеті 2 «тұлпарды» мәреге жеткізу, қай ойыншының екі тұлпары мәреге тез жетсе, сол жеңімпаз болады.

3-ойын. «Кім шапшаң?»
Мақсаты: шапшаңдық пен алғырлыққа баулу, зейінді тұрақтандыру.
Шарты: 3 жолақта берілген 3 түсті оюларды әр жолаққа бір түстен реттеп қою.

«Асықтар» биінің қимылдарын жасау

 Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағының діңгегі десек те болады
Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсінуіміз және түсіндіруіміз қажет.
Ұлы Абай айтқандай, «толық адам» келбетіне жету –түпкі нәтижені меңзейді. Тәрбие – бұл көпжақты, үздіксіз, қоғамдық құбылыс. Сондықтан болашақ ұрпақ тәрбиесіне біртұтас ел болып ат салысу басты парызымыз!