"Болашақ"Бестамақ балалар бақшасы ересек "Балдырған" тобында жазғы сауықтыру жоспарына сай,жаз
мезгілі – шаттық пен қызыққа толы уақыт! Бүгін бүлдіршіндер сабын көпіршіктерімен ойнап, ерекше көңіл күйге бөленді. Аспанға қалықтаған түрлі-түсті көпіршіктер балалардың қуанышын еселей түсті. Балалар бір-бірімен жарысып, көтеріңкі көңіл күйде уақыттарын көңілді өткізді.