Балабақшада қызметкерлер арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында мазмұнды ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шара барысында қазіргі таңда кең таралған алаяқтық түрлері (жалған сайттар, фишингтік сілтемелер, әлеуметтік желілер арқылы алдау, жалған қоңыраулар) жан-жақты түсіндіріліп, олардың белгілерін тану және алдын алу жолдары нақты мысалдар арқылы көрсетілді. Қызметкерлерге жеке және қаржылық деректерді қорғау, банк картасы мәліметтерін бөгде адамдарға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз нөмірлерден келген хабарламалар мен қоңырауларға сақтықпен қарау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар цифрлық сауаттылықты арттыру, ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және әр қызметкердің жеке жауапкершілігін күшейту мәселелері назарға алынды.