Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ

23.10.2026ж. Ересек «Балапан» тобының тәрбиеленушілері табиғат аясына саяхат жасап, қоршаған ортамен жақынырақ танысты.
Саяхат барысында балалар күзгі табиғаттың әсемдігін тамашалап, ағаштар мен өсімдіктерді бақылап, табиғаттың ерекше құбылыстарына назар аударды. Таза ауада серуендеп, қызықты бақылаулар жүргізу арқылы қоршаған әлем туралы түсініктерін кеңейтті.
Табиғатқа саяхат - баланың танымын арттырып қана қоймай, туған жерге деген сүйіспеншілігін оятып, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастыратын ерекше сәт.
Табиғатты таныған бала - оны аялай да біледі!