20.10.2026ж Бестамақ «Болашақ» балалар бақшасының ересек «Балапан» және Қуыршақ” топтарында Республика күніне орай мерекелік ертеңгілік өткізілді.
Мерекелік шара барысында бүлдіршіндер Отанға деген сүйіспеншіліктерін ән мен жыр арқылы жеткізіп, патриоттық рухтағы тақпақтарын мәнерлеп оқыды. Әсем әндер мен мерекелік көңіл күйге толы ертеңгілік балалардың бойына елжандылық қасиеттерін сіңіріп, туған жерге деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға бағытталды.
Тәуелсіз еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, бейбіт аспанымыз ашық болсын! Еліміздің ертеңі – жарқын болашақтың иесі бүлдіршіндеріміз аман болып, Қазақстанымыз өркендей берсін!