Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ

1 қазан – Қарттар күніне орай балабақшамызда «Қариялы ел – қазыналы ел» тақырыбында  тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. 

Іс-шараның мақсаты –  қарттарға  құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесін, өнегелі жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ету, балалардың үлкенге деген сыйластық сезімін қалыптастыру.

Балалар жүрекжарды тілектерін арнап, ән айтып, би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Әсем әуен мен ақжарма тілектер мерекенің сәнін келтіріп, ерекше жылылық сыйлады.«Қарты бар үйдің – қазынасы бар» демекші, үлкендерді сыйлау – халқымыздың асыл дәстүрі. Қарияларымыздың әрбір ақылы – өнеге, әрбір батасы – ұрпаққа аманат.

Барша ардақты қарияларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз!

Әрдайым төрімізден орын алып, ұрпақтарының қуанышына бөлене беріңіздер!