09.10.2026ж. Бестамақ «Болашақ» балалар бақшасында қызметкерлер арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында Бестамақ ауылдық учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Назибеков Айбек Ғалымбекұлы интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, күмәнді сілтемелер мен жалған хабарламалардан сақтану, жеке деректерді қорғау және қаржылық қауіпсіздікті сақтау жөнінде маңызды ақпарат берді. Кездесу барысында интернет желісін пайдалану кезінде сақтық таныту, бейтаныс адамдарға сенім білдірмеу және күмәнді жағдайларда тиісті органдарға жүгіну қажеттігі түсіндірілді.Осындай профилактикалық жұмыстар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, интернет кеңістігінде қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Қауіпсіздік – әр адамның жауапкершілігі!