Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ

22.09.2026ж Бестамақ «Болашақ» балалар бақшасының ересек Балапан» тобында ата-аналар жиналысы  өтті.
Жиынның негізгі мақсаты – балабақша мен ата-ана арасындағы байланысты нығайтып, бала тәрбиесі мен дамуына қатысты маңызды мәселелерді бірге талқылау. Себебі бала үшін балабақша мен отбасының бір бағытта әрекет етуі – оның сенімді қадамы мен жарқын болашағының берік негізі.
Жиналыс барысында балабақша меңгерушісі ата-аналарға оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылуы, топтағы жұмыстар мен алдағы міндеттер жөнінде айтып, бала тәрбиесінде ата-анамен тығыз ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Психолог баланың жас ерекшелігі, эмоционалдық жағдайы, ата-анамен дұрыс қарым-қатынас орнату және баланы қолдау жолдары жөнінде құнды кеңестерімен бөлісті.

Медбике балалардың денсаулығын сақтау, жеке бас гигиенасы, дұрыс тамақтану және түрлі маусымдық аурулардың алдын алу бойынша қажетті ақпарат берді.

Бала тәрбиесі – бір адамның емес, баршамыздың ортақ ісіміз. Бүгінгі әрбір жылы сөз, дұрыс бағыт пен кішкентай қолдау – ертеңгі үлкен жетістіктің бастауы.