Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы» МКҚК
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ

23.09.2026 жыл «Қуыршақ» ересек тобында 2026–2027 оқу жылының алғашқы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа балабақша әдіскері Гүлім Жулжановна мен медбике Аширова Л.М. қатысып, жаңа оқу жылының мақсат-міндеттері және күз-қыс мезгілінде ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу туралы пайдалы ақпаратпен бөлісті.

Топ тәрбиешілері ата-аналармен ағымдағы мәселелерді талқылап, алдағы оқу жылындағы бірлескен жұмыстар жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар ата-аналар балаларымен бірге «Бірлік ағашын» толықтырып, ізгі тілектері мен ақжарма ниеттерін жазып қалдырды.

Жаңа оқу жылы баршамызға береке, бірлік және мол жетістік әкелсін!