25.11.2026 жыл «Болашақ» Бестамақ балалар бақшасында «Аналар мектебі» жоспарына сәйкес «Анам екеуміз – бір командамыз!» атты ана мен балаға арналған көңілді сайыс ұйымдастырылды.
Сайыс барысында қатысушылар логикалық ойындар ойнап, «Ертегіні тап» тапсырмасын орындап, отбасылық квестке қатысып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әр кезең қызықты сәттер мен көтеріңкі көңіл күйге толы болды. Бала үшін анасының назары мен бірге өткізген әрбір сәті өте қымбат. Осындай ортақ ойындар арқылы ата-ана мен баланың арасындағы жақындық артып, жүректе ұмытылмас естеліктер қалады. Балаға ең қымбат сыйлық – анасының уақыты, мейірімі мен көңілі! Жауаптылар: Р.Х. Бурханова, Б.Ө. Нүрмухан.