“Болашақ» Бестамақ балалар бақшасында мектепалды «Балдырған» тобында «5 жастағы баланың дамуы мен тәрбиесіндегі ата-ананың ролі » тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында бала тәрбиесі, мектепке дайындық және ата-ана мен балабақша арасындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Жиынға меңгеруші, әдіскер, медбике және психолог мамандары қатысып, бала тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелерге тоқталды.
5 жастағы баланың жас ерекшелігіне сай психологиялық, танымдық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуы туралы ата-аналарға түсінік берілді.Баланың тәрбиесі мен дамуына ата-ананың ықпалын арттыру; отбасында балаға қолайлы, мейірімді және қолдаушы орта қалыптастырудың маңызын түсіндірілді.Ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, бала тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелерді ортаға салды.